нобай|Книжников Валерий Александрович Валерий Александрович Книжников (21 қаңтар 1912 — 1990) — кескіндемеші, суретші. Оның шығармашылығы соғыстан кейінгі кезеңге келген суретшілер буынына жатадыНевзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің ресми архиві. Семей қаласы..

Биография Книжников Валерий Александрович.

Валерий Александрович Книжниковтың шығармашылығы соғыстан кейінгі кезеңге келген суретшілер буынына жатады.

Валерий Александрович 1912 жылы 21 қаңтарда Риддерде діни қызметкердің отбасында дүниеге келген. Әкесінен ерте қалған ол кескіндеме өнерін сүйетін атасының қолында өседі. Ол атасымен бірге тастарды іздеуге баратын, соңынан жиналған тастарды ұнтақтап, бояу шығаратын.

Бірде олар тастан көк бояу шығара алмайды, атасы оны шіркеуге жібереді, онда бір суретші әулиелердің суретін салып, ғибадатхананы әшекейлеп безендіріп жатқан. Ғибадатханаға келіп, керіп тасталған адамды көріп, Валерий есеңгіреп қалады. Шіркеуден шығып, ол өзінің не үшін келгенін ұмытып қалады. Бұл көріністі көрген атасы оған: «Сен суретші боласың!»,- деген. Бұл шынымен сәуегейлік сөз еді.

Валерий Александрович бірде-бір күнін кескіндемесіз елестете алмаған, тіпті көру қабілетін жоғалта бастаса да, ол өзінің құмарлығын, өнерге деген сүйіспеншілігін қалдыра алмады.

Риддердегі ғибадатханада кездестірген суретшіні Валерийдің алғашқы ұстазы деп атауға болады, өйткені онымен кездескеннен кейін ол оған жиі барып, одан кескіндеме және сурет салу шеберлігін үйренеді. Валерий Книжников Риддер қаласында өткен Қазақстандағы алғашқы жылжымалы көрменің (1928 ж.) жас қатысушыларының бірі атанады.

Валерийдің балалық және жасөспірімдік жылдары қиын кезең тұсына келген. Революция, төңкеріс және діни қызметкерлер үшін бұл уақыт өте қайғылы, қанды қырғын басталған кез еді. Атасы да көптеген отбасы мүшелері де өлтірілді.

Ал, Валерий қалған туыстарымен бірге қашуға мәжбүр болады. Олар Красноярскіге туыстарына баруға ұйғарады, бірақ жөнелту кезінде пойыз тоқтатылып, олардың пойыз құрамы белгісіз себептермен Семей қаласына жіберіледі.

Осылайша Валерий Книжников біздің қалаға келді. Бастапқыда «Рельеф» фотоательсінде ретушёр болып жұмыс істеген. 1934 жыл – байланыс ротасының жауынгері. 1939 жылы «Пролеткино» кинотеатрында суретші. 1947 жылға дейін еңбек армиясына шақырылғанға дейін қызмет атқарды.

ҰОС кезінде, майданға жіберілген кезде, пойызда (кездейсоқ) снарядтары бар жәшікпен саусақтарын жаншытып алады. Ол есінен танып, ауруханаға түседі. Cоғысуға жарамсыз болып шығып, енді ешқашан майдан алаңына бармады. Оның қолы өмір бойы бүгілмей қалған күйде қалды. Бірақ бұл сурет салуға және сурет салуға деген ұмтылысына еш кедергісін келтірмеді.

Танымал суретшілердің репродукцияларын көп көшірді. Әрқашан түспен тәжірибе жасауды ұнататын. 1948 жылы КазИзо-ға келді. Қаланың талантты суретшілері жұмысқа орналасқан көркемөнер-өндірістік шеберханаларда ерекше шығармашылық атмосфера орнады. Олар қаланы безендірумен, мерекелік іс-шаралармен айналысып, пленэрге шығып, көрмелерге қатысты. Олардың әрқайсысы өзіндік шығармашылық қолтаңба мен жарқын даралыққа ие еді. Осы кезеңде таңғажайып сұлулық пен шеберлік өнер туындылары жасалды. Бұл, ең алдымен, суретшілердің кәсіби білімі болғандығына байланысты еді. Омбы, Одесса, Алматы көркемсурет училищелерін бітірген суретшілер бір-бірінің шеберлігін толықтырып, дамытты. Олардың барлығы дәстүрлі орыс мектебінің өкілдері болды.

Валерий Александрович кәсіби білімі болмағанына қарамастан, өзінің таланты мен еңбекқорлығымен шеберлер арасында беделге ие болды. Оның КСРО Саяси Бюросы мүшелерінің жиырма портретің жасағаны белгілі (әркімге Саяси Бюро мүшелерінің портреттерін салуға рұқсат етіле бермейді).  

1966 жылдан бастап көру қабілеті нашарлай бастайды, бір көзге операция жасалады, бірақ ол енді сурет сала алмайтын болды. 1972 жылы зейнетке шығады. Сурет салу арқылы сұлулықты туғызу ниетінен бас тарта алмады, сондықтан ол жол қозғалысы бойынша (мектеп, ДОСААФ және т.б.) макеттер жасай бастады. 1977-78 жылдары онымен музей үшін «Түрксіб құрылысы» диорамасы жасалды.

Жас кезінен бастап ол білімқұмар болып өсті, фортепианода, балалайкада, гитарада, баянда ойнай алды. Ол өзінің кескіндемеге деген құштарлығына өмір бойы адал болып өтті. Қыздарының бірі әкесінің ізін басты. Алевтина Валерьевна Н.К. Крупская атындағы педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірген, көптеген жылдар бойы бейнелеу өнері мұғалімі болып жұмыс істеген. Оның арқасында Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің қорында Валерий Книжниковтың керемет туындылары орын тапты.

В.В. Книжниковтың шығармалары Алматы қаласындағы Ә. Қастеев атындағы ҚМБӨ қорларында және жеке жинақтарда сақталуда.

Суретші туындылары

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Санат:1912 жылы туғандар Санат:1990 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Семейде туғандар