Баймырза Қожамберлиев (20 наурыз 1955 жыл, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылы) — қазақстандық ғалым, философия ғылымдарының докторы (2005), профессор (2006).
Өмірбаяны 1980 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) философия-экономика факультетін бітірген.
Еңбек жолы 1980—1997 жж. — Қарағанды мемлекеттік университетінің (қазіргі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті) оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, кәсіподақ комитетінің төрағасы. 1997–1998 жж. — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Философия және экономикалық теория» кафедрасының доценті. 1998–2008 жж. — «Философия және мәдениеттану» кафедрасының меңгерушісі. 2008–2011 жж. — Қазақ филологиясы факультетінің деканы. 2012–2020 жж. — Қызылорда облысы педагогикалық қызметкерлерінің білімін жетілдіру институтының кафедра меңгерушісі. 2020–2021 жж. — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Философия және мәдениеттану» кафедрасының профессоры.https://korkyt.edu.kz/article/1817 2021 жылдан бастап — «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» секциясының профессоры.
Ғылыми қызметі Негізгі ғылыми еңбектері әлеуметтік философия, мәдениеттану және саясаттану ғылымы мәселелеріне арналған.
Негізгі еңбектері: «Человеческое. Общественное. Духовные» (Караганда, 1991) «Саяси сана» (Қарағанды, 1993) «Мәдениет әлемі» (Алматы, 2003) «Саяси сана философиясы» (Қызылорда, 2007) «Болмыс философиясы» (Қызылорда, 2010) «Үлкен саясат: тұлғалар мен тағдырлар» (Қызылорда, 2018)
Марапаттары Қызылорда облысы әкімі стипендиясының иегері (2006) «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2008) Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2009)СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024. ISBN 978-601-7059-54-5
Дереккөздер
Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері