Қасым Сүлейменов (15 қазан 1908, Павлодар уезі, Семей облысы, Дала генерал-губернаторлығы, Ресей империясы — 6 сәуір 1972, Ақтөбе, Қазақ КСР) — кеңестік шаруашылық, мемлекеттік және саяси қайраткер.

Өмірбаяны 1927—1929 жылдары Семей кеңестік және партия құрылысы мектебінің тыңдаушысы болды.

1929—1930 жылдары Қазақ АКСР Максим Горький аудандық жұмысшы-шаруа инспекциясының инспекторы болып жұмыс істеді.

1930—1931 жылдары Қазақ АКСР қой кеңшары БЛКЖО комитетінің хатшысы қызметін атқарды.

1931—1934 жылдары ЖШҚӘ қатарында әскери борышын өтеді.

1934—1935 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Павлодар аудандық БК(б)П комитетінің нұсқаушысы болып еңбек етті.

1935—1936 жылдары «Қызыл Әскер» газетінде редактордың орынбасары болып күн көрді.

1936—1937 жылдары «Екпінді Ұжымшар» газетінің редакторы болып істеді.

1937—1938 жылдары Қарағанды облысы Ақмола аудандық Қазақстан К(б)П комитеті бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан К(б)П Ақмола аудандық комитетінің 3-хатшысы, 2-хатшысы лауазымдарында мехнат қылды.

1938—1940 жылдары Қазақстан К(б)П Қарағанды облыстық комитеті үгіт және насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, кадрлар жөніндегі хатшысы болып еңбектенді.

1940—1941 жылдары Қазақстан К(б)П Семей облыстық комитетінің 2-хатшысы болып жұмыс істеді.

1941—1944 жылдары ЖШҚӘ қатарында болды.

1944 жылдан бастап Қазақстан К(б)П Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің кадрлар жөніндегі хатшысы қызметін атқарды.

1947—1949 жылдары Қазақстан К(б)П Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің 2-хатшысы болып еңбек етті.

1949—1952 жылдары БК(б)П Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы болды.

1952—1954 жылдары Семей облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып күн көрді.

1954 жылдан бастап — 1972 жылдың 6 сәуіріне дейін Қазақстан КП Ақтөбе облыстық комитеті партия комиссиясының төрағасы болып істедіАшимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.

Сілтеме Қасым Сүлейменов. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы. Дереккөздер

Санат:Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Шымкент облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Семей облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары