«Белгісіз аймақтар» () — Erler Film (2006–2022) және D Media (2023–қазіргі уақыт) компаниялары шығарған, алғашқы бөлімі 2006 жылғы 31 шілдеде жарық көрген түрік детективті, экшн, драма және комедия жанрындағы телесериалы.Arka Sokaklar Resmi Sayfası Kanal D. Тексерілді: 16 маусым 2026. Эфирге шыққан уақыты, маусымдары мен бөлімдерінің саны жағынан бұл туынды Түркия телевизия тарихындағы ең ұзақ уақыт бойы апта сайын үзіліссіз көрсетіліп келе жатқан апталық телесериал болып табылады.Arka Sokaklar rekor kırmaya devam ediyor Sabah. Тексерілді: 16 маусым 2026. Жобаның режиссерлері — Баран Өзчайлан мен Эрай Кочак.Arka Sokaklar Künyesi SinemaTürk. Тексерілді: 16 маусым 2026. Телесериал тұрақты түрде Kanal D арнасында көрсетіледі.
Сюжеті Телесериалда Стамбул қалалық полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік бөліміндегі арнайы топта қызмет ететін полицейлердің қызметтік бастан кешкендері, Ыстанбұл көшелеріндегі қылмыспен күресі және олардың отбасылық өмірлері қатар баяндалады.Arka Sokaklar Özet ve Detaylar Beyazperde. Тексерілді: 16 маусым 2026.
Бұл топ өз міндеттерін атқару барысында күнделікті өмірде әртүрлі адамдардың тағдырларымен және қилы оқиғалармен бетпе-бет келеді. Кейде күлкілі, кейде жүрек ауыртарлық бұл оқиғаларға көпжылдық кәсіби тәжірибесімен, әкелік қамқорлығымен қарайтын және топтың жас мүшелеріне үнемі бағыт-бағдар беріп отыратын полиция бастығы — Рыза Сойлу (Рыза Баба) болады.Arka Sokaklar'ın bitmeyen hikayesi Milliyet. Тексерілді: 16 маусым 2026.
Түсірілім орындары Телесериалдың сыртқы түсірілімдері негізінен Ыстанбұлдың Еуропа жағалауындағы Бейоглу және Шишли аудандарында, сондай-ақ Азия жағалауындағы Кадыкөй және Бейкоз аудандарында жүргізіледі. Сонымен қатар, сюжет желісіне байланысты арнайы бөлімдер Түркияның басқа да тарихи аймақтарында түсірілген:Arka Sokaklar nerede çekiliyor? Hürriyet. Тексерілді: 16 маусым 2026. 324-ші бөлім — Мардин қаласында; 424 және 425-ші бөлімдер — Карабүк уәлаятында; 433, 434, 721 және 749-шы бөлімдер — Бурса қаласында; 448, 449 және 700-ші бөлімдер — Шанлыурфа қаласында; 663-ші бөлім — Хатай уәлаятында; 707-ші бөлім — Балыкесир уәлаятында; 750-ші және 751-ші бөлімдер — Невшехир (Каппадокия) аймағында таспаланған.
РТЖК (RTÜK) тарапынан салынған айыппұлдар Телесериал қоғамдық маңызы бар өткір тақырыптарды қозғағаны үшін мемлекеттік бақылау органының назарына ілікті. 2024 жылдың 22 қарашасында эфирге шыққан 691-ші бөлімінде діни тариқаттар (ағымдар) тақырыбын ашық көрсеткені үшін, Түркияның Радио және телевизия жоғары кеңесі (RTÜK) тарапынан сериалдың көрсетілімін 2 рет уақытша тоқтату және 3% көлемінде әкімшілік қаржылай айыппұл салу жазасы қолданылды.RTÜK'ten Arka Sokaklar'a tarikat cezası Cumhuriyet. Тексерілді: 16 маусым 2026.
Актерлер құрамы мен кейіпкерлер
Басты кейіпкерлер мен көмекші құрам туралы, сондай-ақ олардың бөлімдер бойынша ауысуы туралы толық мәлімет алу үшін негезігі кейіпкерлер тізімін қараңыз.Arka Sokaklar Oyuncu Kadrosu Sözcü. Тексерілді: 16 маусым 2026. Басты кейіпкерлер Рыза Сойлу (Зафер Эргин): Арнайы топтың негізін қалаушы. 4-дәрежелі полиция директоры. Месут Гүнери (Шевкет Чорух): Арнайы жасақтан шыққан тәжірибелі комиссар. Топқа алғашқылардың бірі болып қосылған. Хүснү Чобан (Өзгүр Озан): Топқа алғашқылардың бірі болып қосылған. Бас комиссар. Али Ақдоған (Алп Коркмаз): Топқа алғашқылардың бірі болып қосылған. Мерген. Селин Демирджи (Оя Окар): Бұған дейін Террормен күрес бөлімінде (TEM) жұмыс істеген комиссар. Хакан Чынар (Озан Чобаноғлы): Бұған дейін Террормен күрес бөлімінде (TEM) жұмыс істеген комиссар. Джандан Джейланлы (Эбру ДЖүндүбейоғлы): Полиция директоры. Барыш Бозоғлы (Сарп Левендоғлы): Бұрынғы арнайы жасақ сарбазы. Комиссар.
Қосалқы кейіпкерлер Зеки Чевик (Бурак Сатыбол): Комиссар. Назике Өзчайлан (Назлы Тосуноғлы): Суаттың тәтесі. Айла Сойлу (Хүлия Калебайыр): Рызаның әйелі. Пынар Сойlu (Элван Дишли): Рыза мен Айланың қызы. Тунч Гүнери (Керимхан Думан): Месуттың ұлы. Эсра Ақсой (Гайе Гүрсел): Хүснүнің әйелі. Метин Чобан (Фуркан Гөксел): Хүснүнің ұлы. Шуле Чобан (Эджем Өз): Хүснүнің қызы. Полиция қызметкері. Хайдар Берк Чобан (Мустафа Эфе Гүнай): Хүснүнің ұлы. Мелих Демирджан (Толга Кандемир): Полиция қызметкері. Мерве Ялчын (Фелиция Сағнак): Компьютер маманы, полиция қызметкері. Иззет Йылдырым (Орхан Алп): Полиция қызметкері. Уфук Ақгөл (Бурак Апак): Полиция қызметкері. Атийе Чевик (Аслы Туран): Зекидің әйелі. Рыза Эфе Ақдоған (Онурджан Сесли): Али мен Пынардың ұлы. Зейно Ақдоған (Ада Байкан): Али мен Пынардың қызы. Айшеджан Гүнери (Мина Ышык): Месут пен Селиннің қызы.
Көрсетілім кестесі Маусым Көрсетілім күнімен уақыты Маусымныңбасталуы Маусымныңаяқталуы Түсірілгенбөлімсаны Бөлімдераралығы Көрсетілімжылы ТДарнасы 1-маусым Дүйсенбі 20.00 / 22.15 Сейсенбі 20.00 / 22.30 31 шілде 2006 26 маусым 200743 1-43 2006-2007 Kanal D 2-маусымДүйсенбі 20.00 3 қыркүйек 2007 30 маусым 2008 44-86 2007-2008 3-маусым 8 қыркүйек 2008 29 маусым 2009 39 87-125 2008-2009 4-маусым 7 қыркүйек 2009 28 маусым 2010 41 126-166 2009-2010 5-маусым 23 тамыз 2010 20 маусым 2011 43 167-209 2010-2011 6-маусым 5 қыркүйек 2011 18 маусым 2012 41 210-250 2011-2012 7-маусым Дүйсенбі 20.00 / Жұма 20.00 3 қыркүйек 2012 28 маусым 201343 251-293 2012-2013 8-маусым Сенбі 20.00 7 қыркүйек 2013 28 маусым 2014 294-336 2013-2014 9-маусымЖұма 20.00 12 қыркүйек 2014 26 маусым 2015 (Алғашқы финал) 40 337-376 2014-2015 10-маусым 20 қараша 2015 1 шілде 2016 32 377-408 2015-2016 11-маусым 23 қыркүйек 2016 23 маусым 2017 39 409-447 2016-2017 12-маусым 15 қыркүйек 2017 22 маусым 2018 38 448-485 2017-2018 13-маусым 14 қыркүйек 2018 14 маусым 2019 36 486-521 2018-2019 14-маусым 13 қыркүйек 2019 12 маусым 2020 35 522-556 2019-2020 15-маусым 18 қыркүйек 2020 18 маусым 202138 557-594 2020-2021 16-маусым 17 қыркүйек 2021 17 маусым 2022 595-632 2021-2022 17-маусым 14 қазан 2022 18 қараша 2022 (Үзіліс берілді) 6 633-638 2022 18-маусым Дүйсенбі 20.00 /Бейсенбі 20.00 / Жұма 20.00 1 қыркүйек 2023 28 маусым 2024 42 639-680 2023-2024 19-маусымЖұма 20.00 13 қыркүйек 2024 20 маусым 2025 37 681-717 2024-2025 20-маусым 12 қыркүйек 2025 5 маусым 2026 34 718-751 2025-2026
Дереккөздер
Санат:Түркия телесериалдары Санат:Детективті телесериалдар Санат:Атыс-шабыс телесериалдар Санат:Драмалық телесериалдар Санат:Комедиялық телесериалдар Санат:2006 жылы басталған телесериалдар