нобай|4chan-да жарияланған түпнұсқа фотосурет Бэкрумс (; сөзбе-сөз аудармасы — «артқы бөлмелер», сондай-ақ «Сахна арты» деп те аталады) — ойдан шығарылған мекен туралы қалалық аңыз, интернет-мем және крипипаста болып табылады. Ол, атап айтқанда, өзінің табиғи емес иендігімен қорқыныш пен үрей тудыратын, кездейсоқ өзара байланысқан кеңсе және қосалқы бөлмелердің шексіз лабиринті болып табылады. Бэкрумстың бастапқы нұсқасы 2019 жылғы 12 мамырда танымал ағылшынтілді анонимді 4chan имиджбордындағы пайдаланушының жарияланымынан бастау алады. Бұл жарияланым адамдардың пікірінше ең алаңдатарлық және қорқынышты болып көрінетін кескіндерді іздеуге арналған тақырыптық тредте жасалған болатын.

Бэкрумс сары түсті көне бірсарынды кілемдер төселген, қабырғалары әртүрлі тұсқағаздармен қапталған, ал төбелеріне шуылдайтын люминесцентті шамдар орнатылған дәліздер мен бөлмелерден тұрады. Бұл мекен үшін адамға қастық ойлайтын фантасмагориялық мақұлықтардың, яғни сушностьтардың пайда болуы да тән. Аңыз бойынша, Бэкрумстан шығу іс жүзінде мүмкін емес болып табылады: интернет пайдаланушылары осы дерекке сүйене отырып, өзіндік ерекше дизайны мен тарихы бар лабиринттердің жаңа деңгейлерін ойлап табу арқылы тұжырымдаманы кеңейтті.

Бэкрумстың көптеген деңгейлері ұмытылған немесе байқалмай қалған экзистенциалды және балалық шақтағы қорқыныштарды бейнелейді әрі пайдаланады деп саналады. Бұл мекен, болжам бойынша, «қосалқы және кеңсе бөлмелері адамдарды үнемі қоршап тұрса да, оларға ешқандай маңыз берілмейтін, адамзат баласы жасаған әлемнің қараңғы әрі қорқынышты жағын» әшкерелейді:«Мысалы, бір күні түнде ата-анамыздың бірі кеңседе кеш батқанша жұмыс істеп, бізді шиыршықталған, лабиринт тәрізді дәліздерге толы үлкен әрі қаңсыраған ғимаратта тағдырдың тәлкегіне тастап кеткен болуы мүмкін. Немесе қандай да бір себептермен кешке дейін мектепте «тұрып қалып», әдетте өмір қайнап жататын мекеннің иен қалған дәліздерінде кезіп жүрген шығармыз.»

Тарихы Бэкрумс идеясы 2019 жылдың 12 мамырында анонимді 4chan имиджбордында жарияланған тақырыптық тредтердің бірінде, анонимді қолданушы басқалардан «жай ғана „бұрыс“ болып көрінетін мазасыз суреттерді жариялауды» сұраған кезде пайда болды. Осылайша, Бэкрумсты бейнелейтін алғашқы фотосурет 2018 жылдың 22 сәуіріндегі, сондай-ақ «қарғыс атқан суреттерге» арналған тред тармағынан қайта жүктелген болатын.

Тағы бір аноним фотосуретке пікір қалдырып, адам бұл мекенге «шындықтан тыс қалғанда» () түсетінін көрсету арқылы Бэкрумс туралы өз тұжырымдамасымен бөлісті. Бұл өзі негізінде бейне ойындарға қатысты термин болып табылады және ойыншының, әдетте, оның жолын бөгеуі тиіс ойынның «физикалық» кеңістігінен (карта шекарасынан) өтіп кету құбылысын білдіреді.

Содан кейін тредке қатысушылардың бірі осы ойдан шығарылған мекенге қысқаша сипаттама жазды:«Егер жеткілікті сақтық танытпай, бұрыс жерде шындықтан тыс қалатын болсаңыз, онда сіз тозығы жеткен дымқыл кілемнің иісінен, бірсарынды сары тұсқағаздардың сорақылығынан, фондағы шуылдаған люминесцентті шамдардың тоқтаусыз ызыңынан және кездейсоқ біріктірілген шамамен 1,5 миллиард км² бос бөлмелерден ғана тұратын Бэкрумсқа тап боласыз.

Егер жақын маңда бір нәрсенің кезіп жүргенін ести қалсаңыз, Құдай сізді сақтасын, өйткені бұл оның да сізді естігенін білдіреді.»Көп ұзамай, үш күннен кейін, 2019 жылдың 15 мамырында белгісіз бір адам алғашқы сурет пен Бэкрумс сипатталған посттың скриншотын біріктіріп, содан кейін 4chan-да тред ашты. Ол осы тредте екі кескіннің жинағын: «Can anybody redpill me on the Backrooms? Saw this on a previous thread and it’s got me intrigued.» () деген түсініктемемен бірге жариялады. Осы тредтен бастап крипипастаның тез танымал болуы басталып, мемдер жасалып әрі таратылады, сондай-ақ бұл құбылыстың одан әрі дамуы туралы пікірталастар жүргізіледі.

Біраз уақыттан кейін энтузиаст бағдарламашылар жалпы ауданы шамамен 600 миллион миль² (≈1,5 миллиард км²) болатын, бір-бірімен байланысқан бос бөлмелердің кездейсоқ генерациясын модельдейтін бағдарлама әзірлейді. Бұл бағдарлама кейінгі компьютерлік инди-ойындарды және Бэкрумс тақырыбына арналған басқа да жобаларды жасауға негіз болып қызмет етеді.

4chan-дағы бұл жарияланым кеңінен танымал болғаннан кейін, бірнеше интернет пайдаланушылары Бэкрумсқа байланысты крипипасталар жазды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде көптеген мемдердің жасалып әрі таратылуы бұл тұжырымдаманы одан әрі танымал ете түсті. Кейбір адамдар бұл суретті бұрын бір жерден көргендерін де мәлімдеді. Қорқынышты оқиғаларға арналған The Ghost in My Machine интернет-басылымы Бэкрумсты «Интернеттегі ең сүйікті жуткий аңыздардың бірі» деп атайды.

Happy Mag интернет-басылымының редакторы Мэннинг Пэтстонның (Manning Patston) пікірінше, бұл фотосуреттер мен олардың сипаттамалары «экзистенциалдық, бостық және үрей» сезімін тудырады. Somag News журналисі Кейтлин Кубрик (Kaitlyn Kubrick) Бэкрумс локациясын Resident Evil бейнеойындар франшизасындағы деңгейлердің геймдизайнымен салыстыра отырып, оны «лабиринттерге жаңа мағына беретін, қарғыс атқан түстердің зәрені ұшыратын крипипастасы» деп атайды. Бэкрумс құбылысы алғаш рет The Dictionary of Obscure Sorrows онлайн неологизмдер сөздігіне енгізілген «кенопсия» ұғымымен де байланыстырылды.

Бэкрумстың түпнұсқа фотосуретіндегі бөлменің орналасқан жері ұзақ уақыт бойы белгісіз болып қалды, сонымен қатар бұл кескін процедуралық түрде жасалған цифрлық композиция болып табылады деген нұсқа да ұсынылды. Фотосуреттің шығу тегі 2024 жылы белгілі болды, ол Висконсин штатындағы Ошкош қаласында орналасқан HobbyTown жиһаз дүкенінің бөлмелері болып шықты. Бұл фотосуреттер 2003 жылы дүкенді қайта жаңарту кезінде түсіріліп, оның веб-сайтында орналастырылған екен. Интернет пайдаланушылары аталмыш сайттың мұрағаттық көшірмесін тауып алды.

Қазіргі уақытта Бэкрумс мифологиясында жасалған барлық дүниелерді сақтау қоймасы ретінде кем дегенде екі уики-проект қызмет етеді: оның бірі Fandom платформасында, ал екіншісі Wikidot-та орналасқан. Fandom-дағы вики бірінші болып пайда болғанымен, қазіргі уақытта ол негізгі дереккөз болып саналмайды: модерацияның болмауына байланысты бұл жоба жиі вандализмге ұшырайды және соның салдарынан өзінің канондық мәртебесін жоғалтты. Ал қазіргі уақытта Wikidot платформасындағы вики ең өзекті әрі канондық ақпарат көзі ретінде танылады.

Тұжырымдама «Backrooms Database Wikidot» логотипі

Бэкрумстың бастапқы тұжырымдамасын жаңа әрі әртүрлі «деңгейлерді» ойлап тапқан пайдаланушылар кеңейте түсті. Бэкрумс фэндомында өзіндік бірегей сипаттамалары, суреттері мен «қауіпсіздік кластары» бар мыңдаған негізгі деңгейлер, ішкі деңгейлер, теріс деңгейлер және әзіл-қалжың деңгейлері (нұсқалардың бірі бойынша деңгейлер шексіз жиын) туралы ақпарат кездескенімен, әдетте, алғашқы 9 (10) деңгей, сондай-ақ «негізгі» тізімге кірмейтін ең танымал деңгейлердің кейбірі ғана «негізгі» деңгейлер ретінде бөліп көрсетіледі. Олардың ішінде ең танымалы — алғашқы үш деңгей болып табылады.

0-деңгей Бұл Бэкрумстың түпнұсқа фотосуретінде бейнеленген, крипипастаның ең танымал сипаттамаларының барлығын қамтитын деңгей болып табылады. Пайдаланушылар тарапынан 0-деңгей үшін ойлап табылған «сущностьтардың» бірі — «кез келген жағдайда аулақ болу керек» деп сипатталатын, «жәутік, маниакалды» гуманоидты мақұлықтар болып табылатын «тазылар». Бұл деңгейдің тағы бір ерекшелігі — Жерге оралуға, деңгейдің басына қайта тастауға немесе басқа қастық ойлайтын мақұлықтары бар «жаңа өлшемге» ауысуға әкелуі мүмкін «аномалия аймағы» болып табылады. 0-деңгейде адамдардың көпшілігі қаза табады.

1-деңгей Егер аномалия аймағына кірмей, оның орнына бірнеше күн бойы 0-деңгейде кезіп жүретін болсаңыз, 1-деңгейге жетуге болады. 1-деңгей 0-деңгейге қарағанда күңгірттеу болып табылады және ол неғұрлым индустриалды архитектурасымен әрі механикалық дыбыстарға ұқсас шуылдарымен ерекшеленеді. Люминесцентті шамдар жиірек жыпылықтай бастайды, кейде тіпті толығымен өшіп қалады. Кейбір адамдар бұл деңгейге алыстан естілетін ащы айқайларды да жатқызады. 1-деңгейде тұрақты су қоры бар, бұл оны өмір сүруге жарамды етеді.

2-деңгей Бұл ең қараңғы деңгей болып табылады, ол басқа деңгейлермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары температураға ие, сондай-ақ неғұрлым индустриалды архитектурадан тұрады және оның құрамында ең көп «сущностьтар» кездеседі. Ол жерге 1-деңгейде жеткілікті ұзақ уақыт бойы кезіп жүру арқылы ғана жетуге болады. Бэкрумста «аман қалғандар» ол жерден қашудың жалғыз жолы — сабырлық сақтау екенін айтып, «сіз бұл жерден Бэкрумс сіздің өз үйіңізге айналған кезде ғана кете аласыз» деп мәлімдейді.

4-деңгей Бұл деңгей жиһаздан дерлік толықтай жұрдай болған бос кеңсе ғимаратына ұқсайды. Осы деңгейдегі кейбір бөлмелерде терезелер бар, бірақ олардың көпшілігі толығымен күңгірттенген болып келеді. Күңгірттенбеген кез келген терезелер тұзақ болып саналады, сондықтан олардан қандай жағдай болмасын аулақ болу керек.

Бұл, сонымен қатар, басқа адамдармен кездесуге және керек-жарақтарды іздеуге ең қолайлы орын болып табылады. Келесі деңгейлерге өтуге әрекет жасамас бұрын, Бадам суын жинап алыңыз: ол сізге, әсіресе 5-деңгей мен 6-деңгейде өте қажет болады.

37-деңгей Көбінесе Poolrooms деп аталатын 37-деңгей, сәл жылы суға малынған, өзара байланысқан бөлмелер мен дәліздердің үлкен кешені болып табылады. Деңгейдің әрбір аймағы біркелкі бассейндер мен дәліздерден бастап, пішіні дұрыс емес, неғұрлым ашық кеңістіктерге дейін өзінің өлшемі мен құрылымы бойынша қатты ерекшеленеді.

Деңгейдің қабырғалары, төбелері мен едендері бірдей ақ керамикалық плиткалардан немесе бассейні бар бөлмелерде кездесетін кез келген басқа да әрлеу материалдарынан тұрғызылғандай әсер береді. Өзінің ерекше эстетикасы мен атмосферасының арқасында бұл деңгей жеке жанкүйерлер (фанаттар) базасына ие болды.

Танылуы Бэкрумс журналистер мен интернет пайдаланушылары тарапынан үлкен танымалдылыққа ие болды, олардың көпшілігі бұл мекеннің тылсым табиғатын ерекше атап өтті. Бұл крипипаста, сонымен қатар, адам бойында «ностальгия, адасушылық және сенімсіздік сезімін» тудыратын фотосуреттерді сипаттайтын лиминалды кеңістіктер интернет-трендінің негізгі қайнар көзі әрі ең танымал үлгісі ретінде де аталады; мәселен, #liminalspaces тегі TikTok әлеуметтік желісінде шамамен 2,3 миллиард қаралым жинаған болатын. Клэр Шойлин есімді әйел өзі жалдаған Airbnb үйінің астынан қараусыз қалған сауда орталығын тауып алған кезде, интернет комментаторлары оның осы орыннан түсірген фотосуреттерін Бэкрумстың түпнұсқа бейнесімен салыстырды.

Dazed басылымы Бэкрумсты «интернет-фольклордың» айқын үлгісі деп атады. Мэннинг Пэтстон бұл мекенді 51-аймақтағы БҰН-ға қатысты қастандық теорияларымен, режиссер Стэнли Кубриктің «Жарқырау» фильміндегі жұмысымен, Minecraft ойынындағы Хиробрин туралы қалалық аңызбен және 2019 жылғы «Біз» фильмімен салыстырды.

Бэкрумс тұжырымдамасы, сонымен қатар, 1920-жылдардағы американдық музыка үлгілерін қолдана отырып, деменция дертін бейнелейтін Everywhere at the End of Time (2016–2019) музыкалық альбомдар сериясымен де салыстырылады. Итальяндық Antropia жаңалықтар сайтының тілшісі Марта Ферроның () айтуынша, Бэкрумстың дәліздері «Жарқырау» фильміндегі The Shining’s Overlook Hotel-дің дәліздеріне ұқсас болып келеді, ал альбомдар сериясымен ұқсастығы крипипаста деңгейлерінде көрініс табатын «танылмау деңгейінің үдеуінен» туындайды.

Әсері

Фильмдер мен веб-сериалдар