Бибіхадиша Жүрсінқызы Әбжаппарова — тарих ғылымының докторы (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1960 жылы 8 қарашада Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бәйгеқұм бекетінде туған.

Қазақ ұлттық университетін бітірген (1983). 1985-2010 жылдары Арқалық, Павлодар мемлекеттік педадгогикалық институттарында оқытушы, доцент болып істеді. 2010 жылдан Еуразия ұлттық университетінде доцент.

Ғылыми бағыты "Қазақстан өндірістік-техникалық интеллигенциясының тарихнамасы (1917-1991 жж.)" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми бағыты: Отан тарихы, тарихнама, деректану жəне тарихи зерттеу əдістері, интеллигенция тарихы, тарихнамасы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Марапаттары "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері" (2018); Алғыс хат (министрлік); ЕҰУ "Л. Гумилев" медалі (2021); Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасы (2024).Бибіхадиша Жүрсінқызы Әбжаппарова.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:Еуразия ұлттық университеті оқытушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері