Галина Юсуповна Аманбаева — филология ғылымының докторы (2005), Қарағанды мемлекеттік университетінде профессор (2006).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1962 жылы 24 мамырда Қарағанды қаласында туған.

Қарағанды мемлекеттік университетін (1985, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті) бітірген. 1985-90 жылдары осы университетте жалпы тіл білімі кафедрасының оқытушысы, 1990-97 жылдары жалпы тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, 1997-2003 жылдары доцент, 2006 жылдан кафедра меңгерушісі

Ғылыми бағыты, еңбектері "Макробелгі: құрылым, мағына, прагматика" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 80-нен астам ғылыми еңбектің авторы.

Марапаттары А.Н. Тэн сыйлығы лауреаты (2005); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Облыс əкімінің, ректордың грамоталары (2006, 2009); "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалі" (2011).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары