Фазыл Айтмұхамедұлы Қобыланов (1911 — 20 қаңтар 1942) — кеңестік шаруашылық, мемлекеттік және саяси қайраткер.

Өмірбаяны 1926—1929 жылдары «Союзхлеб» тәжірибеленушісі болып жұмыс істеді.

1929 жылы округтік ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының іс жүргізушісі қызметін атқарды.

1929—1931 жылдары шикізат техникумында оқыды.

1931 жылы қой шаруашылығы кеңшары директорының хатшысы болып еңбек етті.

1931—1932 жылдары тағыда шикізат техникумында білім алды.

1932 жылы БК(б)П Қызылорда аудандық комитетінің Есептік-үлестіргіш бөлімі меңгерушісі (Қазақ АКСР) лауазымында мехнат қылды.

1932—1933 жылдары Қызылорда аудандық бөлімінің Мемлекеттік саяси басқармасында тәжірибеден өтуші (Оңтүстік Қазақстан облысы) болды.

1933—1934 жылдары Қарсақпай аудандық бөлімінің Мемлекеттік саяси басқармасында уәкілдің көмекшісі (Оңтүстік Қазақстан облысы) болып еңбектенді.

1934—1935 жылдары Қазақ АКСР ІІХК басқармасы жанындағы Жедел қызметкерлер курсының тыңдаушысы болды.

1935—1938 жылдары Қазақ АКСР — Қазақ КСР ІІХК МҚБ уәкілі, жедел уәкілі болып жұмыс істеді.

1938—1941 жылдары Қазақ КСР кеңшарлар халық комиссарының 1-орынбасары қызметін атқарды.

1941 жылдың желтоқсанынан — 1942 жылдың 20 қаңтарына дейін Павлодар облыстық кеңесінің Атқару комитеті төрағасы болып еңбек еттіАшимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.

Дереккөздер

Сілтемелер Фазыл Қобыланов. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.

Санат:Павлодар облыстық атқару комитетінің төрағалары