«The Dark Side of the Moon» (ағылш. — «Айдың қараңғы жағы») — британдық Pink Floyd рок-тобының 1973 жылғы 1 наурызда шыққан сегізінші студиялық альбомы. Топты әлемдік деңгейдегі феноменге айналдырған ең табысты туындысы. Дыбыс жазу тарихындағы ең көп сатылған альбомдардың бірі және прогрессивті рок жанрындағы ең танымал концептуалды альбомдардың қатарына кіреді.

Жазу жұмыстары басталмас бұрын, альбомдағы материал топтың тірілей концерттері кезінде шыңдалды. Туынды музыканттардың тығыз әрі ауыр өмір салтынан туындаған қысымдарға, сондай-ақ 1968 жылы топтан кеткен бұрынғы мүшесі Сид Барреттің жүйке ауруына арналған концептуалды альбом ретінде ойластырылған. Жаңа материал 1972 және 1973 жылдары Лондондағы «EMI Studios» (қазіргі «Abbey Road Studios») студиясында екі сессия барысында жазылды.

«The Dark Side of the Moon» альбомы қақтығыс, ашкөздік, уақыт, өлім және жүйке аурулары сияқты тақырыптарды қозғайды. Әндерде философиялық дәйексөздермен қатар, топтың техникалық тобынан және басқа да адамдардан алынған сұхбаттардың үзінділері қолданылған. Призмалық спектр бейнеленген альбом мұқабасын дизайнер Сторм Торгерсон жасап шықты. Бұл пернелі аспаптарда ойнаушы Ричард Райттың топтың сахналық жарық шоуын және альбом тақырыбын сипаттайтын «қарапайым әрі батыл» дизайн жасау туралы өтінішіне берілген жауап еді. Альбомды таныту мақсатында «Money» және «Us and Them» атты екі сингл жарық көрді.

«The Dark Side of the Moon» сыншылардың жаппай жоғары бағасына ие болды және түрлі басылымдардың нұсқасы бойынша «барлық уақыттың ең ұлы альбомдары» тізіміне жиі енгізіледі. Бұл туынды топтың төрт мүшесіне де әлемдік даңқ пен үлкен табыс әкелді. «Альбомдар дәуірінің» ең ірі блокбастері ретінде ол 1970-ші жылдары бүкіл музыка индустриясындағы жазбалардың сатылымын айтарлықтай алға сүйреді. Ұлыбританияда альбом 14 рет «платиналық» мәртебесін алды, ал АҚШ-тың «Billboard Top LPs & Tape» чартында көш бастап, жалпы алғанда 996 апта бойы тізімнен түспеген. 2013 жылға қарай «The Dark Side of the Moon» бүкіл әлем бойынша 45 миллионнан астам данамен сатылып, топтың ең өтімді туындысына, 1970-ші жылдардың ең көп сатылған альбомына және тарихтағы ең көп сатылған төртінші альбомға айналды. 2012 жылы Конгресс кітапханасы бұл альбомды «мәдени, тарихи немесе эстетикалық тұрғыдан маңызды» деп танып, АҚШ-тың Ұлттық дыбыс жазу тізіліміне (National Recording Registry) сақтау үшін таңдап алды. Ал 1999 жылы туынды «Грэмми» даңқ залына енгізілді.

Әндер тізімі

Жазбаға қатысқандар

Pink Floyd: Дэвид Гилмор – вокал, гитара, VCS3; Ник Мэйсон – соқпалы аспаптар, перкуссия, таспалық эффектілер; Роджер Уотерс – бас-гитара, вокал, VCS3, таспалық эффектілер; Ричард Райт – пернелі аспаптар, вокал, VCS3.

Шақырылған қатысушылар: Дик Пэрри — саксофон («Us and Them» және «Money»); Клэр Торри — вокализ («The Great Gig in the Sky»); Дорис Трой, Лесли Дункан, Лиза Страйк, Барри Сент Джон — бэк-вокал;

Дыбыс жазу Алан Парсонс — дыбыс инженері; Питер Джеймс — дыбыс инженерінің көмекшісі; Крис Томас — дыбыс үйлестіру бойынша консультант;

Дизайн: Сторм Торгерсон — мерейтойлық басылымдардың дизайны; Джордж Харди — иллюстрациялар, мұқабаны безендіру; Джилл Фурмановски — фотосуреттер; Дэвид Синклер — компакт-дискінің қайта басылымына арналған ескертпелер.

Сертификаттау Ел Мәртебесі Сатылымы (1991 жылғы сертификат) 20px 2× Платиналы 120,000^ (1994 жылғы сертификат) 20px 2× Платиналы 120,000^ (Музыкалық видео) 20px 4× Платиналы 60,000^ (Альбом) 20px 14× Платиналы 1,020,000^ 20px 2× Платиналы 100,000* 19px Алтын 25,000* (Музыкалық видео) 20px 5× Платиналы 50,000^ (Альбом) 20px 2× Гауһар 2,000,000^ (Immersion Box Set) 19px Алтын 40,000^ 19px Алтын 50,000* 20px 5× Платиналы 100,000‡ 20px Платиналы 2,500,000* (Альбом) 20px 3× Платиналы 1,500,000^ (Музыкалық видео) 19px Алтын 25,000^ — (сертификатталмаған) 45,000 19px Алтын 2,500* (1973–1989 жылдардағы сатылым) — (сертификатталмаған) 1,000,000* (2009 жылдан бергі сатылым) 20px 8× Платиналы 400,000‡ 20px 16× Платиналы 240,000^ (Warner Music басылымы) 20px 2× Платиналы 40,000* (Pomatom EMI басылымы) 20px Платиналы 20,000* (Қайта шығарылымы) 20px 2× Платиналы 30,000^ (Remastered басылымы) 20px Платиналы 50,000* — (сертификатталмаған) 50,000 ("The Making Of" видео) 20px Платиналы 50,000^ (Альбом) 20px 16× Платиналы 4,800,000‡ (Музыкалық видео) 20px 3× Платиналы 300,000^ (Альбом, 1973–1998 сатылым дерегі) 20px 15× Платиналы (Гауһар) 15,000,000^ (Nielsen дерегі 1991–2007) — (сертификатталмаған) 8,360,000Әлем бойынша — 45,000,000 * сатылым деректері тек сертификаттауға негізделгенін білдіреді^ жөнелтілім деректері тек сертификаттауға негізделгенін білдіреді‡ сатылым+стриминг деректері тек сертификаттауға негізделгенін білдіреді

Дереккөздер

Санат:Pink Floyd альбомдары Санат:Harvest Records альбомдары Санат:Capitol Records альбомдары Санат:Прогрессивті рок альбомдары Санат:Психоделиялық рок альбомдары Санат:Концептуалды альбомдар