Айжамал Ибрагимқызы Құдайбергенова — тарих ғылымының докторы, доцент.

Өмірбаяны, еңбек жолы 1959 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі ауылында туған.

ҚазМУ-ды бітірген (1981, қазіргі Қазақ ұлттық университеті). 1981-90 жылдары Қызылорда педагогикалық институтында оқытушы, 1990-2012 жылдары Тарих және этнология институтында ізденуші, аспирант, ғылыми, аға, жетекші ғылыми қызметкер. 2012 жылдан институтта бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады.

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – XX ғасыр мен XXI ғасырдың басындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық дамуы, әлеуметтік және ұлттық құрамындағы өзгерістері, көші-қон үдерістерінің тарихы мен демографиялық салдары, халықтану мәселелері. 120-дан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның, энциклопедиялық биобиблиографиялық жинақтардың авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Марапттары Қазақстан Республикасының "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (2018).Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері