Кривой Рог (, ) — орталық Украинадағы қала. Ол Кривой Рог ауданына әкімшілік етеді және Днепропетровск облысы құрамына енеді. Қаланың халық саны — 603 904 (2022 жылғы шамалау). Ол — Украинадағы халық саны бойынша жетінші және аумағы бойынша екінші қала. Кривой Рог өзін Еуропадағы ең ұзын қала дейді.
Саскагань мен Ингулец өзендерінің қосылған жерінде орналасқан Кривой Рог 1777 жылы негізделген еді. Бұл кездері ол әскери пошта стансасы еді. Бельгиялық, британдық пен франциялық инвестициялардан кейін 1880 жылдары қала қалалық-индустриялық жағынан дамып кетті. Бұған қаладағы темір ресурстары себеп еді. Қазан төңкерісінен кейін, 1919 жылы ол қала атанды.
Сталин заманының индустриализациясы 1934 жылы Кеңес Одағындағы ең ірі интеграцияланған металлургиялық зауыты, «Криворожстальды», құрды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс әскерлері қаланы қатты талқандады да, 1970 жылдары ол қайта жанғарды. КСРО ыдырауынан шыққан экономикалық қиындықтар себебінен 1990 жылдары қалада жоғары жұмыссыздық пен эмиграция болды. «Криворожсталь» жекешеленді де, түрлі шетелдік инвестицияларға қол жеткізді. 2017 жылдан қаладағы еңбекшілер түрлі бойкот пен митинг ұйымдастырып жүрді.
2022 жылғы Ресейдің Украинаға басып кіруінен бері Ресей Кривой Рогқа жиі әуеден шабуыл жасап жүреді. Кривой Рог Украина президенті Владимир Зеленскийдің туған қаласы ретінде белгілі.
Дереккөздер
Санат:1775 жылы құрылған елді мекендер
Санат:Днепропетровск облысы қалалары Санат:Кривой Рог ауданы елді мекендері