нобай|314x314 нүкте|Жылаған сәбилер күресі(2013) Наки сумо немесе Жылаған сәбилер күресі . 泣き相撲, сөзбе-сөз «Жылағандар сумосы») — Жапонияның әртүрлі қалаларындағы храмдарда жыл сайын өткізілетін дәстүрлі фестиваль. Фестиваль барысында бір жасқа дейінгі сәбилерді екі сумо балуанының қолына береді; олар бет-әлпетін құбылтып, түрлі дыбыстар шығарып, баланы жылатуға тырысады. Бірінші болып немесе қаттырақ жылаған сәби «жекпе-жекте» жеңімпаз деп саналады. «Наки сумо» шараларының ішіндегі ең танымалы — Токиодағы Сэнсо-дзи храмында өтетін фестиваль.

Тарихы және өткізу тәртібі Наки сумо фестивалі Жапонияда шамамен 400 жылдан бері өткізіліп келеді. Жапон нанымдары бойынша, сәбидің жылауы жын-перілерді үркітеді, ал неғұрлым қатты жыласа, соғұрлым балаға құдайлар күш-қуат берген және ол дені сау болады деп есептеледі. Фестиваль жыл сайын көктемдегі «Алтын апта» кезінде өткізіледі, бұл көктемнің шарықтау шегін білдіреді. Фестивальдің өтуі Жапонияның ұлттық мерекесі — Балалар күнімен тұспа-тұс келеді.

Жарыс барысында дәстүрлі белбеу таққан екі сумошы бір-біріне қарама-қарсы тұрып, қолдарында сәбилерді ұстайды. Төреші қызметін атқаратын абыздың белгісі бойынша, сумошылар түрлі қимылдар жасап, дыбыстар шығарып, сәбилерді жылатуға тырысады. Егер сәби сумошының әрекетіне жауап бермесе, онда жын кейпіндегі маска киген төреші де оны қорқытуы мүмкін. Жарыс ата-аналардың келісімімен өткізіледі.

Сыртқы сілтемелер Жылаған сәбилер күресі(видео)

"Наки сумо" фестивальдан фото