Шәймерден Есботаұлы (12 желтоқсан 1920 жыл – 14 шілде 1989 жыл) — Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес-Жапон соғысының ардагері.
Өмірбаяны 1920 жылы 12 желтоқсанда туылған. 10 жасынан бастап Ұлы Отан соғысына дейін 9 жыл ауылда еңбек еткен. Шырайхан есімді қазақ қызына үйленіп 3 ұл, 6 қыз тәрбиелеген. 1989 жылы 14 шілдеде қайтыс болған. Ұлы Отан соғысы жылдарында 1939 жылы Кеңес әскері қатарына алынған. 1941 жылы еліне оралар сәтте Ұлы Отан соғысы басталып , І Украйна майданының 138-атқыштар дивизиясының құрамында пулеметші болып Днепр бойындағы шайқастарға қатысқан. Днепр үшін шайқаста ауыр жарақат алған. 1944 жылы жарақаты жазылғаннан кейін І Белорусь майданында да соғысқан. Шәймерден Есботаұлы Ресей, Украина, Польша, Германия жерлерін неміс-фашистерінен азат етуге қатысады. Жеңісті берлин қаласында қарсы алады. Германиямен соғыс біткеннен кейін екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы ошағы Жапонияны талқандауға қатысып, Манчьжурияны азат етеді.
Еңбек жолы Соғыстан елге оралған соң 1948-1954 жылдары Буденновка май зауытында май дайындаушы болып жұмыс істейді. 1954-1960 жылдары май зауытының директоры болып тағайындалды. 1960-1986 жылдары Буденновка орта мектебі (қазіргі Түймекент орта мектебі) директорының шаруашылық істері жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. 1986 жылы зейнетке шығады.
Марапаттары Соғыстағы ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» және «Отан соғысы» ордендерімен марапатталды. Сонымен қатар, "Варшаваны алғаны үшін", "Берлинді алғаны үшін", "Жапонияны жеңгені үшін", "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдарын алған. Қазіргі таңда Түймекент ауылында үлкен бір көшеге есімі берілген.
Дереккөздер
Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары