Исхак Раззақұлы Раззаков (; 25 қазан 1910, Коросон ауылы, Майтонбоз, Ферғана облысы, Ресей империясы — 19 наурыз 1979, Мәскеу, РКФСР, КСРО) — қырғыз кеңестік мемлекет және партия қайраткері. 1950 жыл 7 шілдеден 1961 жыл 9 мамырға дейін Қырғызстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы қызметін атқарған.

Өмірбаяны Исхак Раззаков 1910 жылғы 25 қазанда Ресей Түркістаны құрамындағы Коросон ауылында (қазіргі Баткен облысы, Ленин ауылы) дүниеге келген. 3 жасында анасынан айырылып, екі жылдан кейін әкесі де қайтыс болған. Туыстары оны балалар үйіне тапсырып, сол жерде әртүрлі тілдерді меңгерген. Раззаков Өзбекстан мен Ресейде білім алған. Кейін Самарқан қаласында қоғамтану пәнінен сабақ берген.

Мансапы Исхак Раззаков 1945 жылдың қарашасында Қырғыз КСР Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасы болып тағайындалды. Тағайындалған кезде небәрі 35 жаста болған. Оның бұған дейінгі қызметінің көп бөлігі Кеңес Одағы Коммунистік партиясы құрамында, негізінен Өзбек КСР аумағында өткен. 1946 жылдың ақпанында: Мен Қырғызстанда ұзақ жұмыс істеген жоқпын, бірақ сіздердің сенімдеріңіз мен үшін өте қымбат. Мен, халқымыздың ұлы ретінде, барлық күш-жігерім мен білімімді ұлы міндеттерді орындауға арнаймын — деп мәлімдеген.

Исхак Раззаков қызмет еткен кезең Қырғызстан экономикасын дамытуға бағытталған шараларымен ерекшеленді, әсіресе ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлінді. 1950 жылы Қырғызстан Коммунистік партиясының Бірінші хатшысы болып тағайындалды.

Исхак Раззаков Қырғызстанның қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты. Басшылығы кезінде елде маңызды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жүзеге асты. Қырғызстанда жоғары білім беру жүйесі дамып, қазіргі мемлекеттік университет, политехникалық институт және әйелдер педагогикалық институты салынды. Мәдени салада айтарлықтай ілгерілеу болды. Басқару жылдарында ұлттық өнер мен мәдениет өркендей түсті. Өнеркәсіп саласында 20-ға жуық ірі нысан іске қосылды. Фрунзе ауыл шаруашылығы зауыты және Ош таулы автожолы салынды.

Өлімі Исхак Раззаков 1960-жылдары Никита Хрущёвтің сенімінен шығып, саяси қудалауға ұшырады. Отбасымен бірге Мәскеу қаласына көшіп, сол жерде 1979 жылғы 19 наурызда қайтыс болды.

Дереккөздер

Санат:Ферғана облысында (Ресей империясы) туғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Қырғызстан батырлары Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:Қырғыз КСР үкімет басшылары Санат:КОКП ОК мүшелері Санат:КОКП XIX съезінің делегаттары Санат:КОКП XX съезінің делегаттары Санат:КОКП XXI съезінің делегаттары Санат:Өзбекстан компартиясы ОК хатшылары Санат:Өзбек КСР үкімет басшылары орынбасарлары Санат:Ала-Арча зиратында жерленгендер