Новодолинский — Қарағанды облысы Шахтинск қаласына қарасты кент (1988 жылдан). 1967–1988 жылдары Абай қалалық кеңесі құрамында болды.

Тарихы Іргесі Қарағанды көмір алабының батыс жағында барлау және көмір өндіру жұмыстарының дамуына байланысты 1954 жылы қаланған. Новодолинскийде “Долинка” шахтасы, автокөлік кәсіпорны, “Арнайы шахта құрастыру” басқармасының тау-кен құрастыру бөлімшесі, т.б. жұмыс істеді.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Географиялық орны Новодолинский Шахтинск қаласынан шығысқа қарай 6 км-дей жерде, Шерубайнұра өзенінің оң жағасында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен65816365 5471 86 3034 2650 87,3 3331 2821 84,7

Дереккөздер

Санат:Шахтинск қалалық әкімдігі елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері