«Бір Ауыл» — қазақстандық әлеуметтік-психологиялық үстел ойыны. Ойын қазақ халқының мәдени болмысы, фольклорлық және әлеуметтік архетиптеріне негізделген. Негізгі тақырыбы — бір ауыл ішінде адамдардың өзара қарым-қатынасы, сенім мен күдік, ортақ шешім қабылдау және жеке мүдделердің қақтығысы.

Ойын ерекше рөлдер жүйесі мен қосымша «Датым Бар» оқиға карталары арқылы ерекшеленеді.

Жалпы мәлімет

Жанры: әлеуметтік-психологиялық ойын Ойыншылар саны: 8-20 адам Жас ерекшелігі: 12+ Ойын ұзақтығы: шамамен 30-40 минут Жүргізуші: Жырау Негізгі тіл: қазақ тілі Ерекшелігі: қазақ халқының мәдени архетиптері, түн/күн фазалары, «Датым Бар» карталары

нобай|AKTOWN командасы "Бір Ауыл" ойынының офлайн презентациясында

Тарихы және әзірленуі Бір Ауыл ойыны AKTOWN шығармашылық бірлестігі тарапынан әзірленіп, Қазақстан Республикасының Ақтау қаласында пайда болған.

Ойынның алғашқы ресми таныстырылымы 2025 жылы 6 ақпанда өтті. Таныстырылым барысында ойын механикасы, рөлдер жүйесі және мәдени тұжырымдамасы көпшілікке ұсынылды.

Жоба мәдени бастама ретінде жасалып, қазақ тіліндегі заманауи үстел ойындарын дамытуға бағытталған.

Ойынның мақсаты Ойынның негізгі мақсаты — ауыл ішіндегі жасырын қауіптерді анықтау немесе керісінше, оларды жасырын түрде басымдыққа жеткізу. Әр рөлдің өзіне тән міндеттері мен жеңіс шарттары бар, сол себепті ойын тек командалық емес, жеке сценарийлермен де аяқталуы мүмкін.

Қара халық пен қорғаушылардың мақсаты – ауылды сатқындардан тазарту.

Сатқындардың мақсаты – ауылды өз қолдарына алу.

Ерекше кейіпкерлердің мақсаты – жеке ниеттерін жүзеге асыру.

Құрамы

Рөлдер карталары Ойынның негізгі колодасында 10 рөл картасы бар. Әр партияда Жырау ойыншылар санына қарай карталардың бір бөлігін ғана пайдаланады.

Рөлдер құрамы:

Албасты – 3-айналымнан бастап, кейін әр 2 айналым сайын бір ойыншының үстіне түсіп, қорқытып бастырады. Нәтижесінде құрбан болған ойыншы 1 күн бойы сөйлей алмайды, бірақ талқылау барысында ымдап, дауыс бере алады; Жезтырнақ – Әр 3 айналым сайын бір ойыншыны өлтіреді. Дос-дұшпан деп ажыратпайды; Бас Сатқын – Сатқындардың басшысы, шешім қабылдаушы; Сатқын – Түнде ауылға қарсы әрекет етіп, біртіндеп ауыл тұрғындарын өлтіреді; Батыр – Түнде бір адамды тексере алады. Егер тексерген адамы сатқын болса, келесі түні оның жанын алады. Егер қателессе, өз өмірін қатерге тігеді; Бақсы –Түнде бір адамды қорғап, қауіп-қатерден сақтайды. Егер Жезтырнақ таңдаған адамды қорғап қалса, ол аман қалады; Баян Сұлу – 3-раундқа дейін сүйіктісін таңдайды. Егер сүйіктісі өлсе немесе ауылдан қуылса, оның орнына өзі құрбан болады. Ал өз сүйіктісіне күмәнданып, ауылдан қууға дауыс берсе, тірі қалады; Алдаркөсе – Айлакер. Кез-келген рөлді иеленіп, барлығын шатастыра алады. Егер күндізгі кеңесте барлық қатысушылар (бірде-бірі қалмай) Алдаркөсеге қарсы дауыс берсе және Алдаркөсе осылайша ойыннан шықса, ол жеңіске жетеді; Көшпенді – Ауылға 3 түнге келген қонақ. Қара халықпен бірге сатқындарды табуға көмектеседі; Қара Халық – Қарапайым ауыл тұрғындары. Түнде ұйықтайды да, күндіз талқылап,  дауыс береді.

нобай|"Датым Бар" карталары

«Датым Бар» карталары «Датым Бар» — ойынға қосымша енгізілген, оқиғалар желісіне тағдырдың араласуын сипаттайтын оқиға карталарының жеке колодасы. Бұл карталар ойын барысында сыртқы фактор ретінде әсер етеді және белгілі бір айналымда немесе шартта іске қосылады.

Карталар:

талқылауға шектеу қоюы мүмкін; дауыс беру тәртібін өзгертуі мүмкін; түнгі әрекеттерге әсер етуі мүмкін; мәдени-әлеуметтік немесе символдық оқиғаларды бейнелейді.

Мысалдары:

“Хан Бұйрығы” – Сізге Абылай Ханнан елші келді. Сізге міндетті түрде Түркістан қаласына келу керек. Жолға дайындалыңыз, сіз бүгінгі кеңеске қатыспайсыз (кеңеске араласпайсыз, дауыс бере алмайсыз). “Ақиқат орнасын” – Ауылды тексеру үшін жіберген хан жасағы ертең ауылға келеді. Ертеңгі күні сен өзіңнің кім екеніңді ашуың керек. “Түнгі күзет” – Бүгінгі түні сен батырдың орнына күзетке шығып, ауылдың бір тұрғынын тексере аласың. “Айтыскер” – Бүгінгі күні сен кез келген адамды таңдап айтыса аласың. Кеңесте сізден басқа ешкім сөз таластыра алмайды, дауыс бергенде тек сіз айтқан ақпаратқа жүгініп дауыс бере алады.

Егер ойында 10 қатысушыға дейін болса, әр күн сайын, ал 10 қатысушыдан көп болса, әр жұп айналым сайын, яғни 2,4,6-шы түн өткеннен кейін бірінші “Датым бар” деп айтқан адам ортадан бір картаны алып, дауыстап оқиды. Бұл карталар кейде халыққа, кейде Сатқындарға көмектесіп, ойынға хаос қосады.

Шынайы өмірде тағдыр адамның жоспарын сынағандай, “Датым Бар” карталары ойын бағытын күрт өзгертіп, бәрін бақылауда ұстап отырмыз деп ойлайтын ойыншылар үшін сынақ ретінде келеді. Тағдыр контекстінде бұл колода әділдік пен әділетсіздіктің, үміт пен үрейдің, мүмкіндік пен шектеудің символы.

Ойын барысы

Дайындық кезеңі

Жүргізуші (Жырау) таңдалады Рөлдер карталары араластырылып, әр ойыншыға бір-бірден жабық түрде таратылады Жырау ережелерді түсіндіреді Ойыншылар кезекпен өздерін таныстырады

Фазалар

Түн (Түн)

Барлық ойыншылар көзін жұмады Жырау белгілі бір рөлдерді кезекпен оятады Әр рөл өз әрекетін орындайды

Күн (Күн)

Барлығы көзін ашады Жырау түнгі оқиғалардың нәтижесін хабарлайды Ойыншылар арасында ашық талқылау басталады Ойыншылар өз рөлін ашуы немесе жасыруы мүмкін

Дауыс беру

Әр ойыншы бір күдіктіні көрсетеді Көп дауыс жинаған ойыншы ойыннан шығарылады

Жеңіс шарттары Ойын бірнеше сценарий бойынша аяқталуы мүмкін:

Ауылдың жеңісі: барлық сатқын рөлдер жойылса Сатқындардың жеңісі: сатқындар саны немесе ықпалы бойынша басымдыққа жетсе Жеке жеңістер: кейбір ерекше рөлдер өз жеке шартын орындаса

Бұл жүйе ойынды сызықтық емес және болжап болмайтын етеді.