2026 жылғы World Boxing ұйымының бокстан Әлем кубогы (ағылш. World Boxing Cup 2026) — 2026 жылы халықаралық World Boxing федерациясының аясында өтетін элиталық боксшылар (ерлер мен әйелдер) арасындағы жылдық рейтингтік турнир сериясы. Бұл кубок үш кезеңнен тұрады және боксшыларға әлемдік рейтинг ұпайларын жинауға мүмкіндік береді.
Турнир 2025 жылы басталған World Boxing Cup дәстүрін жалғастырады. 2026 жылғы серияның мақсаты — боксшылардың халықаралық деңгейде жарыс тәжірибесін арттыру және жыл соңындағы финалға қатысушыларды анықтау.
Тарихы Бұл турнир әуесқой бокстың жаңа дәуірінде, World Boxing федерациясының құрылуымен байланысты пайда болды. World Boxing федерациясы 2023 жылдың 13 сәуірінде Швейцарияның Лозанна қаласында құрылды. Ол бұрынғы Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) мен Олимпиада қозғалысындағы бокстың болашағы үшін бәсекелес ретінде пайда болды. Федерацияның негізгі мақсаты — боксты Олимпиада бағдарламасында сақтап қалу.
2023 жылдың қазан айында Германияның Кёльн қаласында турнирдің алғашқы жарысы өтті. Бұл әлі де болса толық серия емес еді, тек жеке турнир ретінде болатын.
2024 жылы алғашқы толық серия ұйымдастырылды. Турнир бірнеше кезеңнен тұрды: Англия, АҚШ, Моңғолия. Серия 2024 жылдың қарашасында Англиядағы финалдық кезеңмен аяқталды.
Бұл жыл Бокстан әлем кубогының тұрақты жылдық форматын қалыптастырды. Турнир боксшыларға халықаралық тәжірибе жинауға, рейтингтерін көтеруге және ірі жарыстарға (әлем чемпионаттары, Олимпиада іріктеуі) дайындалуға мүмкіндік береді.
2025 жылңы Әлем кубогы ресми түрдегі алғашқы толыққанды маусым болды. Турнир үш кезеңнен тұрды:
1-ші кезең: 2025 жылдың 31 наурызы – 5 сәуірі, Фос-де-Игуасу, Бразилия. 2-ші кезең: 2025 жылдың 30 маусымы – 7 шілдесі, Астана, Қазақстан. Финалдық кезең: 2025 жылдың 15–22 қарашасы, Нью-Дели, Үндістан.
2025 жылғы серияға 38-нен астам елден 500-ден астам боксшы қатысты. Турнирде ерлер мен әйелдер үшін 10 салмақ категориясынан (әрқайсысында 10-нан) жарыс өтті.
Медаль кестесі бойынша топ-3 (жалпы серия бойынша):
Үндістан Қазақстан Өзбекстан
Бразилиядағы бірінші этапта Өзбекстан медаль кестесінде көш бастады. Астанадағы екінші этапта да қазақстандық және өзбекстандық боксшылар жоғары нәтиже көрсетті. Финалда Үндістан күшті өнер көрсетіп, жалпы жеңімпаз атанды.
Турнирдің кезеңдері 2026 жылғы Әлем кубогы үш этаптан тұрады:
Бірінші кезең 2026 жылдың 20–26 сәуірі, Фос-де-Игуасу (Foz do Iguaçu), Бразилия. Екінші кезең: 2026 жылдың 15–20 маусымы, Гуйян қаласы (Guiyang), Қытай. Финалдық этап (Әлем кубогының финалы): 2026 жылдың 25 қарашасы – 2 желтоқсаны, Ташкент, Өзбекстан.
Бірінші кезең Бірінші кезеңнің ресми жеребесі 2026 жылдың 19 сәуірінде өтті, ал жарыс 20 сәуірде басталды. Бірінші кезең 2026 жылдың 20–26 сәуірі, Фос-де-Игуасу (Foz do Iguaçu), Бразилияда өтті. Турнир Rafain Palace Hotel & Convention Centre аренасында өтеді. Бұл этапқа 50 ұлттық федерациядан шамамен 400 боксшы тіркелген — бұл World Boxing Cup тарихындағы ең көп қатысушы саны. 20 салмақ дәрежесінде (ерлер мен әйелдер бойынша 10-нан) медальдар сарапқа салынады. Алғашқы жекпе-жектер екі рингте, жартылай финал мен финал бір рингте өтеді. Рейтинг ұпайлары: алтын — 150, күміс — 100, қола — 75 ұпай.
Ережелер мен формат
Жас ерекшелігі: 19–40 жас аралығындағы элиталық боксшылар (туған жылы 1985–2006 жылдар). Салмақ категориялары: Ерлер: 50 кг, 55 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг, 80 кг, 85 кг, 90 кг, 90+ кг. Әйелдер: 48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг, 80 кг, 80+ кг. Жекпе-жек форматы: 3 раунд × 3 минут (10 ұпайлық жүйе). Турнир World Boxing-тің ресми ережелері бойынша өтеді, рейтинг ұпайлары жыл бойы жинақталады.
Дереккөздер
Санат:2026 жылғы бокс Санат:2026 жылғы спорт Санат:2026 жылғы бокс жарыстары