Өткен күндер () — өзбек жазушысы Абдулла Қадыридің романы, алғашқы өзбек романы болып саналады.Elif Batuman The Possessed: Adventures with Russian Books and the …1847083137 2011 "literary-historical landmark I had been waiting for: the emergence of an indigenous novel form. Abdulla Qodiriy’s Past Days, considered to be the first Uzbek novel, was serialized in the magazine Inqilob in 1922-25.Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6 Аттас фильм 1969 жылы «Өзбекфильм» киностудиясында түсірілген.

«Өткен күндер» романының алғысөзінде Қадыри былай деп жазған: «Жазушы өзін роман, әңгіме немесе өлең болсын, барлық түрдегі жаңа шығармалар жасауға, халыққа өз дәуіріміздің “Тахир мен Зухрасын”, “Фархад және Шырынін”, “Төрт дәруішін” беруге міндетті сезінеді. Мен ойлаған “Өткен күндер” романы — осындай талпыныстың алғашқы қадамы ғана, тек бір арман».

«Өткен күндер» романы алғаш рет 1922 жылы «Инқилоб» журналында жарияланды,Bayram Rahimguliyev The fate of the first Turkmen novel: From the Bloody Claw … — 2009 — Page 40 O 'tgan Kunlar (Days Gone By) by Abdulla Qodiriy, Quluq Qon (Holy Blood) by Muso Toshmuhammadogli Aybek and Tushda … 1926 жылы жеке кітап болып шықты. Роман өзбек халқы тарихының ең маңызды кезеңдерінің бірі — XIX ғасырдың ортасындағы оқиғаларды қамтып, жергілікті билеушілердің билік үшін күресінің қанды аясында өрбиді.

Роман жарық көргеннен кейін, көрнекті жазушының арманы алғашқы талпыныстан орындалғаны айқын болды. «Өткен күндер» жаңа реалистік прозаның бастауын қалап, өзіндік әрі дарынды өзбек әдебиетінің алтын қорына енді. Кейін белгілі шығыстанушы, академик Е. Бертельс былай деп жазады: «Абдулла Қадыридің романдары бүкіл құрылымымен, өзіндік стилімен нағыз өзбек романдары болып табылады. Әлем әдебиетінде романның бес мектебі белгілі: француз, орыс, ағылшын, неміс және үнді. Енді алтыншы — өзбек роман мектебін Абдулла Қадыри қалыптастырды».

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:КСРО романдары Санат:Өзбекше кітаптар