Қазарман әуежайы () — Қырғызстанның Жалалабат облысындағы Қазарман ауылында орналасқан әуежай.

Тарихы Қазарман әуежайы 1940-жылдардың аралығында құрылып, 1984 жылы пайдалануға берілген. Қазарман әуежайында кедендік және шекаралық бақылау қызметтері қарастырылмаған, сондықтан ол тек ішкі рейстерге қызмет көрсетеді. Әуежай негізінен Қырғызстан аумағындағы бағыттарды қабылдайды.

2000 жылға дейін әуежай тұрақты түрде Манас, Нарын, Бішкек және Ош қалаларымен әуе қатынасын қамтамасыз етіп отырды. Кейіннен ұзақ уақыт бойы рейстер тоқтап қалды.

2008 жылғы 16 маусымда Бішкек – Қазарман бағыты бойынша тұрақты рейстердің қайта ашылуына байланысты әуежай қызметі жандандырылды. Алайда жолаушылар ағынының төмендігіне байланысты кейінгі он жыл ішінде әуе қатынасы тұрақсыз болып, кей кезеңдерде мүлде рейс орындалмаған. Сол уақытта рейстерді Қырғызстан әуе жолдары аптасына бір рет жүзеге асырған.

2013 жылдың 24 сәуірінен бастап Манас, Ош және Бішкек бағыттарына ұшулар қайта жанданды.

2018 жылы әуежай терминалына жөндеу жүргізіліп, оның өткізу қабілеті сағатына шамамен 40–50 жолаушыға дейін жеткізілді.

2022 жылдан бастап әуежайда ауқымды қайта жаңарту жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар аясында ұшу-қону жолағы, рульдеу жолдары, перрон және басқа да инфрақұрылым элементтері күрделі жөндеуден өтті.

2025 жылдың тамыз айында Жалалабат облысындағы Казарман әуежайы 20 жылдан астам уақыт бойы толыққанды жұмыс істемегеннен кейін қайта іске қосылды. Қырғызстан әуежайлары мемлекеттік кәсіпорны жүргізген жаңғырту нәтижесінде әуежай инфрақұрылымы толық жаңартылып, қайта пайдалануға берілді.

Әуе компаниялар мен бағыттар Қазіргі кезі тек Қазарманнан Бішкекке ғана рейс бар, оны Asman Airlines компаниясы орындайды. Әуекомпания аты Бағыты Asman AirlinesБішкек

Дереккөздер

Санат:Қырғызстан әуежайлары