Астана және Алматы епархиясы () — Орыс православие шіркеуіне бағынатын Қазақстан митрополиттік округінің Астана, Алматы мен Алматы облысындағы епархиясы.

Орталығы — Астана қаласы. Кафедралы соборлары: Астанадағы Қасиетті Успен кафедралды шіркеуі мен Алматыдағы Вознесенск кафедралы шіркеуі.

Епархияның 67 махалласы, 4 монастырьі, 150-ден көп қызметкері бар.

2010 жылғы 5 наурыздан бергі билеуші архиерейі — митрополит Александр (Могилёв).

Тарихы Ақмола викарийлігі 1913 жылғы 26 қаңтарда Омск епархиясының құрамында Ақмола викарийлігі құрылды. 1914 жылғы 6 қарашада викарийлік кафедрасы Петропавлға жылжытылды.

1919 жылы (кейбір дерек ақпаратынша 1921 жылы) тәуелсіз Ақмола епархиясы құрылды. 1924 жылдан 1925 жылға дейін Ақмола кафедрасы қайта Омск епархиясының викарийлігіне айналды, кейін 1932 жылғы ыдырауына дейін Петропавл епархиясының викарийлігі болды.

Түркістан епархиясы

1871 жылғы 4 мамырда Ташкент және Түркістан епархиясы құрылды. Ташкенттегі шенеуніктер келіспеушілігінің себебінен епархия орталығы Верный қаласына (қазіргі Алматы) көшірілді.Краткая справка о церквахъ Туркестанской Епархіи подвѣдомыхъ Епархіальному Начальству. // «Туркестанскія Епархіальныя Вѣдомости». 1916, № 24, Часть Офиціальная, стр. 326. 1916 жылы епархия орталығы болып Ташкент атанды да, Жетісу жерінде Жетісу және Верный викарийлігі пайда болды.«Правительственный Вѣстникъ». 25 желтоқсан 1916 (7 қаңтар 1917), № 277, 1-бет. Кейін епархия қайта құрылды.

1937 жылы епархия ыдырады, 1945 жылғы 5 маусымда Алматы және Қазақстан епархиясы ретінде бүкіл Қазақстан жерінде қайта құрылды.

1991 жылғы 30–31 қаңтарда оның құрамынан Орал және Шымкент епархиялары шығарылды.

1999 жылдан бергі тарихы 1999 жылғы 31 наурызда Орыс православие шіркеуінің Қасиетті синоды шешімінше «Астана қаласының Қазақстан астанасы мәртебесін ескере отырып, Қасиетті Синод оны Шымкент және Ақмола епископы Елевферийдің епархиялық қарауынан шығарып, Алматы және Семей архиепископы Алексийдің басқаруына берді, оған «Астана және Алматы» атағы берілді».

Қасиетті синодтың 2003 жылғы 7 мамырдағы қаулысымен Қазақстан аумағында орталығы Астана қаласында орналасқан үш епархиядан (Астана, Орал және Шымкент) тұратын Митрополиттік округ құру көзделді. Округті Астана және Алматы митрополиті басқарды, бұл қызметке сол қаулымен Воронеж пен Липецк митрополиті Мефодий тағайындалды.Журналы заседания Священного Синода от 7 мая 2003 года, Журнал № 21 Бұл алғашқы митрополиттік округ болғандықтан, Митрополиттік округ туралы Ереже әзірленіп, кейін Архиерейлер соборында бекітілуі жоспарланды.

2010 жылғы 5 наурызда Қасиетті Синод Астана және Алматы митрополиті болып архиепископ Александрды тағайындау туралы шешім қабылдады.Журналы заседания Священного Синода от 5 марта 2010 года, Журнал № 5

2010 жылғы 31 мамырда басқарушы архиепископқа көмек көрсету үшін Қаскелен викарийлігі құрылды. Сол жылғы қазанда бұл кафедраны Алматыдағы Вознесенск кафедралы шіркеуінің настоятелі Геннадий иеленді.

2010 жылғы 26 шілдеде Қазақстандағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің басшысы «Астана және Қазақстан митрополиті» деп аталсын деген шешім қабылданды.Журналы заседания Священного Синода от 26 июля 2010 года, Журнал № 68

2010 жылғы 6 қазанда Астана епархиясының құрамынан Қарағанды облысы бөлініп, оның аумағында Қарағанды епархиясы құрылды, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында Павлодар епархиясы ұйымдастырылды.Журналы заседания Священного Синода от 6 октября 2010 года, Журнал № 96

2014 жылғы 25 шілдеде Орыс Православие Шіркеуі Қасиетті Синодының шешімімен Талдықорған викарийлігі құрылып, оның епископы болып Нектарий тағайындалды.

Архиерейлері Омск епархиясының Ақмола викарийлігі Мефодий (Красноперов) (10 ақпан 1913 – 6 қараша 1914)

Ақмола епархиясы Гавриил (Воеводин) (1919–1922; басқа дерек ақпаратынша, 1921 ақпаннан кейін – 14 қыркүйек 1921 жылға дейін; епархияда болмады, тағайындалудан бас тартты, зейнетке шықты)

Омск епархиясының Ақмола викарийлігі Алексий (Буй) (1925) Иоанн (Троянский) (3 наурыз 1925–1928)

Петропавл епархиясының Ақмола викарийлігі Владимир (Горьковский) (1 наурыз – ? 1929) Иоанникий (Чанцев) (1929–1930; басқа дерек ақпаратынша, 14 мамыр 1932)

Астана және Алматы епархиясы бұрын Алматы және Семей епархиясы Алексий (Кутепов) (31 наурыз 1999 – 7 қазан 2002) Елевферий (Козорез) (7 қазан 2002 – 7 мамыр 2003) , Шымкент еп. Мефодий (Немцов) (7 мамыр 2003 – 5 наурыз 2010) Александр (Могилёв) (5 наурыз 2010 жылдан)

Викарийліктері Қаскелен Талғар Талдықорған

Благочиниелері Епархия 8 шіркеу округінен құралған (2022 жылғы қарашадағы жағдай):Астанайская епархия Алматы қалалық благочиниесі Астана қалалық благочиниесі Жаркент благочиниесі Іле благочиниесі Талғар благочиниесі Өтеген-Батыр благочиниесі Талдықорған благочиниесі Ұзынағаш благочиниесі

Монастырьлары Алматылық Иверия-Серафим әйелдері монастырьі. 1908 жылы құрылды, 1921 жылы жабылды, 2003 жылы қайта құрылды. Бастығы — игумения Любовь (Якушкина). Құдай Анасы иконасының құрметіне Астана «» әйелдер монастырьі, 1995 жылы құрылды. Бастығы — монахиня Севастиана (Плотникова). Афондық Силуан атындағы Есік әйелдер пустыні, 1997 жылы құрылды. Бастығы — игумен Назарий (Марков). Серафим-Феогнест атындағы Ақсай ерлер пустыні, 1996 жылы монастырь ретінде құрылды. 1921 жылы жабылған ерлер скитінің орнына орналасты. Бастығы — иеромонах Трифон (Печковский).

Оқу орындары Алматы діни семинариясы; 7 дін ілімі курсы; 84 жексенбілік мектеп.

Храмдары

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелері Орыс православие шіркеуінің сайтындағы Астана епархиясы Қазақстан митрополиттік округі сайты

Санат:Митрополиттік округтер епархиялары Санат:Астана және Алматы епархиясы Санат:Алматыдағы дін Санат:Астанадағы дін