«Он бірлік тобы» (N-11 немесе Next Eleven) — қазіргі заманғы 11 мемлекеттің жалпы атауы: Мексика, Нигерия, Мысыр, Түркия, Иран, Пәкістан, Бангладеш, Индонезия, Вьетнам, Оңтүстік Корея, Филиппиндер. Бұл елдер Goldman Sachs талдаушысы Джим О’Нил тарапынан XXI ғасырдағы халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінің басты локомотивтеріне айналу мүмкіндігі жоғары елдер ретінде бөлінген, сондай-ақ БРИКС елдерімен қатар аталған. Термин агенттіктің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы жылдық есепінде қолдануға енгізілген.Global Economics Paper 134 and Jim O’Neill, BRIMCs Топқа кіретін елдер негізінен бұрын индустрияландыру жолына түскен және қазіргі таңда индустрияландыруды жүзеге асырып жатқан жаңа индустриалды елдермен (ЖИЭ) шамалас келеді. Сондай-ақ, 11 елдің 7-сі (Нигерия, Мысыр, Түркия, Иран, Пәкістан, Бангладеш, Индонезия) бір уақытта ислам әлемінің жетекші елдері болып табылады.

«Он бірлік тобы» мен ЖИЭ елдерінің құрамдары мен ұлттық экономикаларының параметрлері Дамыған елдер — жаңа индустриалды елдер • Оңтүстік Корея (Республика Корея) — ұлттық экономиканың жоғары кірістілік деңгейі бар елПо данным FTSE Group, дамыған нарығы бар ел, жоғары білім деңгейі бар ел, дамыған демократиясы бар ел, OECD мүшесі, G20 мүшесі, APEC мүшесі. • Мексика — ұлттық экономиканың кірістілігі ортадан жоғары елПо данным FTSE Group, дамушы нарығы бар 1-деңгейлі ел, жоғары білім деңгейі бар ел, дамушы демократиясы бар ел, OECD мүшесі, G20 мүшесі, APEC мүшесі, NAFTA мүшесі. Ұқсас бірінші толқын жаңа индустриалды елдер — Сингапур, Тайвань, Гонконг (сондай-ақ «азиялық төрт жолбарыс» немесе «азиялық айдаһарлар») және Латын Америкасынан Аргентина, Бразилия.

Жаңа индустриалды елдер • Филиппиндер — ұлттық экономиканың кірістілігі ортадан төменПо данным FTSE Group, дамушы нарығы бар 2-деңгейлі ел, орташа білім деңгейі бар, дамушы демократиясы бар ел, APEC мүшесі, ASEAN мүшесі. • Түркия — ұлттық экономиканың кірістілігі ортадан жоғарыПо данным FTSE Group, дамушы нарығы бар 2-деңгейлі ел, орташа білім деңгейі бар, екі полюсті саяси жүйесі бар ел, OECD мүшесі, G20 мүшесі, EU серіктес ел, OES мүшесі, NATO мүшесі. • Индонезия — ұлттық экономиканың кірістілігі ортадан жоғарыПо данным FTSE Group, орташа білім деңгейі бар, дамушы демократиясы бар ел, G20 мүшесі, APEC мүшесі, ASEAN мүшесі. Ұқсас екінші, үшінші және төртінші толқын жаңа индустриалды елдерге Малайзия, Таиланд, Чили жатады.

Дамушы елдер — перспективалы индустриалды елдер • Мысыр — ұлттық экономиканың кірістілігі ортадан төменПо данным FTSE Group, дамушы нарығы бар 2-деңгейлі ел, орташа білім деңгейі бар, авторитарлық саяси режимі бар ел, Agadir Agreement қатысушысы, COMESA / Шығыс және Оңтүстік Африкадағы еркін экономикалық аймақ келісіміне мүше. • Иран — ұлттық экономиканың кірістілігі ортадан төменПо данным FTSE Group, әлсіз дамыған нарығы бар ел, орташа білім деңгейі бар, авторитарлық саяси режимі бар, OPEC және OES мүшесі. • Нигерия — ұлттық экономиканыңПо данным FTSE Group кірістілігі төмен, әлсіз дамыған нарығы бар ел, төмен білім деңгейі бар, авторитарлық саяси режимі бар, OPEC мүшесі. • Пәкістан — ұлттық экономиканыңПо данным FTSE Group кірістілігі төмен, дамушы нарығы бар 2-деңгейлі ел, орташа білім деңгейі бар, екі полюсті саяси жүйесі бар, OES мүшесі, SAARC мүшесі. • Вьетнам — ұлттық экономиканыңПо данным FTSE Group кірістілігі төмен, әлсіз дамыған нарығы бар, орташа білім деңгейі бар, авторитарлық саяси режимі бар, ASEAN мүшесі.

Ең аз дамыған елдер — мүмкін болатын индустриалды елдер • Бангладеш — ұлттық экономиканыңПо данным FTSE Group кірістілігі төмен, әлсіз дамыған нарығы бар, орташа білім деңгейі бар, екі полюсті саяси жүйесі бар ел.