Джим Пиблс (, толық аты-жөні — Филлип Джеймс Эдвин Пиблз, ; 25 сәуір 1935, Сен-Бонифаc, Виннипег, Канада) — теориялық космология саласында жұмыс істейтін канадалық-американдық физик. Принстон университетінің Альберт Эйнштейн атындағы құрметті ғылыми профессоры (). Физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (2019, Дидье Кело және Мишель Майормен бірлесіп).

Өмірбаяны 1971 жылы Виннипегтің маңына айналған француз тілді қала — Сен-Бонифаста дүниеге келген ол, Сен-Виталда өсті. Әкесі Виннипег астық биржасында хатшы болып жұмыс істеген, ал анасы үй шаруасындағы әйел болды.

Ол Манитоба университетін бітірген. 1958 жылдан бері Америка Құрама Штаттарында тұрады. Принстон университетінде астрономия бойынша PhD дәрежесін алды. Кейінірек сол жерде профессорлық алды. Қазіргі уақытта ол сол жерде Альберт Эйнштейн атындағы құрметті профессор ().

Академияларға мүшелік Америкалық физикалық қоғам (1964) Американдық өнер және ғылым академиясы (1977) Лондон корольдік қоғамы (1982) Канада корольдік қоғамы (1987) Америка Құрама Штаттарының Ұлттық ғылым академиясы (Шетелдік серіктес; 1988) Американдық философиялық қоғам (2004) Американдық астрономиялық қоғам Ғылымды дамыту жөніндегі Америка қауымдастығы

Марапаттары 1981 — Эддингтон медалі, Корольдік астрономиялық қоғам 1982 — Америка астрономиялық қоғамының астрофизика саласындағы Дэнни Хайнеман сыйлығы 1992 — Америка астрономиялық қоғамының Генри Норрис Рассел сыйлығы 1995 — Кэтрин Брюс медалі, Тынық мұхиты астрономиялық қоғамы 1997 — Оскар Клейн медалі 1997 — Карл Янскийдің дәрісі 1998 — Корольдік астрономиялық қоғамның алтын медалі 2000 — Космология саласындағы Грубер сыйлығы 2003 — Женева университеті Томалла сыйлығы 2004 — Астрономия бойынша Шоу сыйлығы 2005 — Крафурд сыйлығы 2013 — Дирак медалі 2019 — Физика бойынша Нобель сыйлығы

Оның құрметіне аталған 18242 Peebles астероиды

Библиография

Peebles, P. J. E. Physical Cosmology. Princeton: Princeton University Press, 1971 Peebles, P. J. E. The large-scale structure of the universe. Princeton: Princeton University Press, 1980 Peebles, P. J. E. Principles of Physical Cosmology. Princeton: Princeton University Press, 1993 Пиблс П. Физическая космология: Пер. с англ. — М.: Мир, 1975 Пиблс Ф. Дж. Э. Структура Вселенной в больших масштабах: Пер. с англ. — М.: Мир, 1983 Peebles, P. J. E. Cosmology’s Century: An Inside History of Our Modern Understanding of the Universe. Princeton University Press, 2020

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Манитоба университеті құрметті докторлары Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (Канада) Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (АҚШ) Санат:Физикадан Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Принстон университеті түлектері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері мен корреспондент мүшелері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының шетелдік мүшелері Санат:Америка өнер және ғылым академиясы мүшелері Санат:Лондон корольдік қоғамының мүшелері Санат:XX ғасыр астрономдары Санат:XX ғасыр физиктері Санат:Канада физиктері Санат:АҚШ физиктері Санат:Уикипедия:Ортаққорға сілтенген мақалалар Санат:Физиктер