Әлия Рымғазықызы Мәсәлімова — философия ғылымының докторы (2008), профессор (2009).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1972 жылы 9 мамырда қазіргі Абай облысы, Аягөз қаласында туған.
Қазақ ұлттық университетін (1994) және аспирантурасын (1998) бітірген. Осы университетте аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, аға ғылыми қызметкер, профессор (1999-2011). 2011 жылдан декан қызметін атқарады.
Ғылыми бағыты, еңбектері "Маргиналдық мәдениеттанулық мәселе ретінде" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері мәдениет теориясы, мәдени антропология, постмодернизмнің философиясы мен мәдениеті, этика, гендерлік маргиналдық мәселелеріне арналған. 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монография, 6 оқулық пен оқу құралдарының авторы.
Марапаттары Қазақ ұлттық университетінің үздік оқытушысы (2009); Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2010).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Масалимова Алия Рымгазиновна. Известные учёные.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Философия ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар