Иран Исламдық ақылдастық кеңесі (, Majles-e Shurâ-ye Eslâmi Iran, тағы Иран парламенті, Меджлис, не Мәжіліс) — Иранның бірпалаталы парламенті. Парламенттің қазір 290 депутаты бар, 2000 жылғы парламент сайлауға дейін оның 270 депутаты болған.

Өкілеттігі Исламдық ақылдастық кеңес Конституцияда белгіленген шектер аясында барлық мәселелер бойынша заңдар қабылдау құқығына ие. Алайда, ол мемлекеттің ресми дінінің (Исламның) негізгі қағидаттарына және Конституцияның өзіне қайшы келетін заңдар қабылдай алмайды.Иран Конституциясы, 71–72-баптар

Үкімет жобалары Исламдық ақылдастық кеңес тек Министрлер Кеңесінің мақұлдауын алғаннан кейін ғана ұсынылады.Иран Конституциясы, 74-бап

Халықаралық шарттар, хаттамалар, келісімшарттар және келісімдер Исламдық ақылдастық кеңес мақұлдауын талап етеді.Иран Конституциясы, 77-бап

Президент үкіметті құру кезінде және басқа да іс-әрекеттерді бастамас бұрын, Министрлер Кеңесінің мақұлдауымен Кеңестен сенім дауысын алуі тиіс.Иран Конституциясы, 87-бап

Үміткерлерге шарттары Депутаттыққа үміткерлердің жасы кемінде 30 және ең көп дегенде 75 болуы, магистр дәрежесі немесе оған тең Дінтану семинариясының 3-деңгейі болуы, сондай-ақ Иранда туған болуы қажет.

Спикерлер тізімі 1980–1989: Әли Акбар Хашеми Рафсанджани 1989–1992: Мехди Карруби 1992–2000: Әли Акбар Натек-Нури 2000–2004: Мехди Карруби 2004–2008: Голям-Әли Хаддад Адель 2008–2020 : Әли Лариджани 2020 жылғы 28 мамырдан: Мұхаммед-Багер Галибаф

Тарихи құрылымы

Дереккөздер

Санат:Елдер бойынша парламенттер Санат:Иран мемлекеттік құрылымы Санат:Бірпалаталы парламенттер Санат:Иран саясаты