Шарбан Дәкішқызы Баязитова — экономика ғылымының докторы (2008), профессор (1998).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1962 жылы 20 наурызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Абай ауылында туған.
Қызылорда педагогикалық институтын бітірген (1983, қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті). Қармақшы ауданындағы №27, №113 қазақ орта мектептерінде, №14 кəсіптік техникалық училищесінде мұғалім (1983–93), Қызылорда қаласындағы "Сейхун" институтында (қазіргі "Қазақ-Қытай" академиясы") оқытушы, кафедра меңгерушісі, ректор (1993—2008) қызметтерін атқарды. 2008 жылдан "Қазақ-Қытай академиясында" кафедра меңгерушісі.
Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – Қазақстанның аграрлық секторының дамуы.
"Қазақстанның аграрлық саласындағы кəсіпкерлік қызметін дамыту" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 70-тен астам ғылыми жарияланымның авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар