Сәбира Сағынбекқызы Исақова (19 қазан 1972, Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы) — филология ғылымының докторы (2008).

Еңбек жолдары 1995 жылы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, 2000 жылы аспирантурасын, 2006 жылы Ақтөбе университетін бітірген. 1995-2002 жылдары Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқытушы, 2002-04 жылдары Қазақ ұлттық техникалық университетінің Ақтөбе бөлімшесінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, 2004-09 жылдары Ақтөбе университетінде профессор қызметтерін атқарды. 2010 жылдан Ақтөбе мемлекеттік университетінде профессор. "Қазақ термин танымының когнитивтік – прагматикалық аспектісі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми бағыты – терминология, лексикология, салыстырмалы, салғастырмалы тіл білімі, когнитивтік тіл білімі. 2 монография, 7 оқу, оқу-əдістемелік құралдар мен 2 электронды оқулықтың авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары