«Барлық құбыжықтарды жою» — Исиро Хонда түсірген 1968 жылғы кайдзю-фильм, Годзилла франшизасындағы тоғызыншы кинотуынды.
Фильмде жатпланеталықтар құбыжықтардың санасын бақылауға алып, оларды адамзатты құртуға жібереді. Сонда Годзилла Нью-Йоркке, Родан Мәскеуге, Горозавр Парижге, Мотраның дернәсілі Бейжіңге, Манда Лондонға шабуыл жасайды. Алайда адамдар олардың саналарын босатып жібереді. Есесіне жатпланеталықтар жағдайды түзету үшін Жерге Кинг Гидораны жібереді.
Түсіру барысында Варан деп аталатын құбыжықтың костюмі жыртылып кеткен, сондықтан ол фильмде аз көрсетіледі. Сонымен қатар Барагон құбыжығының костюмі басқа сериалда пайдалануға берілгендіктен, оның да фильмдегі уақыты едәуір азайған.
Дереккөздер
Санат:Кайдзю-фильмдер Санат:Годзилла Санат:Toho фильмдері Санат:Исиро Хонда фильмдері Санат:Жапония фантастикалық фильмдері Санат:Токио туралы фильмдер Санат:Нью-Йорк туралы фильмдер Санат:Париж туралы фильмдер Санат:Мәскеу туралы фильмдер Санат:Ай туралы фильмдер