Эркин Вахидович Вахидов (; 28 желтоқсан 1936 жыл, Ферғана облысы — 30 мамыр 2016 жыл, Ташкент) — кеңестік және өзбекстандық ақын, драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Өзбекстан Батыры (1999), Өзбек КСР халық ақыны (1987), Хамза атындағы Өзбек КСР мемлекеттік сыйлығының иегері (1983).Эркин Вахидов

Өмірбаяны Эркин Вахидов Ферғана облысының Алтыарық ауданында мұғалімнің отбасында дүниеге келген. 1960 жылы Ташкент мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Университетті тәмамдағаннан кейін «Ёш гвардия» баспасында редактор (1960—1963) және бас редактор (1975—1982) болып жұмыс істеді; Ғафур Ғулам атындағы көркем әдебиет және өнер баспасында редактор, бас редактор (1963—1970) және директор (1985—1987) қызметтерін атқарды; 1982 жылдан 1985 жылға дейін «Ёшлик» журналының алғашқы бас редакторы болды.Биография Эркина Вахидова

1990 жылдан бастап қоғамдық-саяси қызметпен айналысты, әр кезеңде мынадай лауазымдарды атқарды: Өзбекстан Жоғарғы Кеңесінің жариялылық мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы (1990—1995), Олий Мәжілістің халықаралық істер және парламентаралық байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы (1995—2005), Сенаттың ғылым, білім, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы (2005—2009).

1999 жылы Вахидовқа Өзбекстан Батыры атағы берілді.

Эркин Вахидов 2016 жылғы 30 мамырда Ташкент қаласында қайтыс болды, Шығатай зиратында жерленген.

Шығармашылығы Эркин Вахидов алғашқы өлеңдерін мектеп оқушысы кезінде жазған. Вахидовтың алғашқы өлеңдер жинағы «Таң тынысы» 1961 жылы жарық көрді. Ақынның кейінгі жинақтары дерлік жыл сайын жарияланып отырды — «Сіздерге менің әндерім» (1962), «Жүрек пен ақыл» (1963), «Менің жұлдызым» (1964), «Үн жаңғырығы» (1965), «Лирика» (1966), «Жастық диваны» (1969), «Шырақ» (1970), «Бүгінгі жастар» (1971).

Әр түрлі жанрларда — эпикалық, публицистикалық бағыттарда қалам тербеп көрді, алайда ең көп бейім болғаны әнге арналған поэзия еді. Вахидовтың көптеген өлеңдері өзбек әншілерінің орындауында ән ретінде кеңінен танылды. Ақынның кейінгі шығармашылығы оның ертеректегі туындыларынан айқын ерекшеленеді: ол бұрын өзіне тән болған ықшамдылық пен үзік-үзік баяндаудан арылып, неғұрлым жұмсақ, баяу интонацияларға бет бұрды. Осы кезеңде «Махаббат» (1976), «Тірі ғаламшарлар» (1978), «Шығыс жағалауы» (1982), «Ұрпақтарға жолдау» (1983), «Ұйқысыздық» (1985), «Қасірет» (1991), «Ащы шындық артық» (1992) атты поэтикалық жинақтары жарық көрді.

Вахидовтың авторлығына «Жердің түсі», «Шатырда жазылған поэма», «Адалдық», «Мәңгі өлмейтіндердің көтерілісі», «Жаулап алушы мен шаштараз» поэмалары, «Алтын қабырға», «Ыстамбұл трагедиясы», «Екінші тұмар» пьесалары жатады.

И. В. Гётенің «Фауст» шығармасын, С. Есенин, А. Твардовский, М. Икбал, Р. Хамзатов, Г. Эминс және басқа да көптеген ақындардың өлеңдерін өзбек тіліне аударған.

Марапаттары Өзбекстан Батыры (1999) Ұлы қызметтері үшін ордені (1999) Достық ордені (1999) Өзбекстан КСР халық ақыны (1999) Хамза атындағы Өзбек КСР мемлекеттік сыйлығы иегері (1999)

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Өзбекстан Ұлттық Университеті түлектері Санат:КСРО ақындары Санат:Өзбекстан ақындары Санат:XX ғасыр ақындары Санат:КСРО драматургтері Санат:Өзбекстан драматургтері Санат:XX ғасыр драматургтері Санат:КСРО аудармашылары Санат:Өзбекстан аудармашылары Санат:XX ғасыр аудармашылары Санат:Достық орденінің (Өзбекстан) иегерлері Санат:Өзбекстан Республикасы Олий Мәжлісінің сенаторлары Санат:Өзбекстан КСР халық ақындары Санат:Шығатай зиратында жерленгендер