Аран — Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы құдық.

Атаудың сөзжасамдық сипаты Көнетүркі тілінің сөздігінде аран «мал қора, ат қора» делінген. «Аран атындағы жер атаулары түбекте бірнеше. Олар көбіне түздің құлан, киік, қарақұйрық сияқты аңдарын қамап ұстауға ыңғайлы ұрымтал тұстардан қазылған орлар, тас қоршаулар». Ал азербайжан тілінде аран – «жылы орын, жазықтық» деген мағына береді. Сонымен атау «ық жерден, суықтан қорғайтын, тау етектерінен қазылған ор, құдық» дегенді білдіретін тәрізді.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан құдықтары Санат:Маңғыстау ауданы географиясы