Explorer 11 немесе S-15 — гамма-сәулелер диапазонында істеген алғашқы ғарыш телескобы.

Телескоптың жалпы ұзындығы — 110,7 см, диаметрі бір ұшында 15,2 см және екіншісінде 30,5 см. Орбитаның биіктігі 486—1786 шақырым болды. Жерді айналу периоды 108,10 минут құрады.

Ғарышқа 1961 жылдың 27 сәуірінде ұшырылып, ол орбитада 6 ай және 20 күн жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде телескоп гамма-сәулелерге қатысы бар 22 ғарыштық оқиғаны тіркеді.

1967 жылы гамма-сәулелер диапазонында істейтін Orbiting Solar Observatory 3 жаңа аппараты ғарышқа ұшырылды. Аталған екі телескоптың ішкі құрылысын Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары жасап шығарды.

Дереккөздер

Санат:Explorer бағдарламасы Санат:Ғарыш телескоптары