Темірхан Мәлікұлы Әлімқұлов (17 қыркүйек 1956 жыл, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай станциясы) — құрылысшы, кәсіпкер, меценат.

1975–1980 жылдары Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын бітірген. Еңбек жолын 1974–1975 жылдары Шиелі ауданындағы №97 көлік мекемесінде жүргізуші болып бастаған.

1976–1982 жылдары Бәйгеқұм ауылындағы ПМК-47 мекемесінде тас қалаушы, кейін Шалқар станциясындағы СМП-660 «Ақтөбе-трансқұрылыс» мекемесінде учаске мастері қызметін атқарды. 1983 жылы прораб, 1984–1986 жылдары бас инженер болып жұмыс істеді.

1986–1998 жылдары Белкөл станциясындағы СМП-510 мекемесінде өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы, мекеме басшысының өндіріс жөніндегі орынбасары, бас инженер қызметтерін атқарған.

1998 жылдан бастап «Теміржолқұрылыс» ашық акционерлік қоғамының СМП-4 құрылымдық бөлімшесінің (қазіргі «СМП-Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) директоры.

Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты болған. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Шиелі ауданының құрметті азаматы.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024

Дереккөздер