Олдбой (, ) — режиссер Пак Чхан Уктың 2003 жылы жарық көрген оңтүстіккореялық детективті триллері. Фильм Гарон Цутия мен Нобуаки Минэгисидің аттас жапондық мангасына негізделген. Бұл туынды Пак Чхан Уктың «Кек алу трилогиясының» екінші бөлімі болып саналады. Басты рөлді Чхве Мин Сик сомдайды.
Фильм еш негізсіз 15 жыл бойы жеке түрмеде қамауда отырған О Дэ Судың тарихын баяндайды. Бостандыққа шыққан соң, ол өзін кімнің және не үшін қамағанын білуге бес күн уақыт алады. Фильм өзінің ерекше сюжеттік бұрылыстарымен, қатыгездік сахналарымен және бір кадрмен (монтажсыз) түсірілген «дәліз бойындағы төбелес» сияқты техникалық шебер түсірілген эпизодтарымен танымал.
Фильмнің әлемдік премьерасы 2003 жылы 21 қарашада Оңтүстік Кореяда өтті. 2004 жылы «Олдбой» Канн кинофестивалінің негізгі конкурсына қатысып, қазылар алқасының төрағасы Квентин Тарантиноның жоғары бағасына ие болды және фестивальдің екінші маңызды марапаты — Гран-приді жеңіп алды.
Пак Чхан Уктың «Кек алу трилогиясының» бір бөлігі ретінде, бұл туынды «Кек алушы мырзаға жанашырлық» (2002) фильмінен кейін және «Кек алушы ханым» (2005) фильмінен бұрын шыққан екінші бөлім болып табылады»
Фильм барлық уақыттағы ең үздік туындылардың бірі болып саналады және көптеген басылымдардың «ең үздіктер» тізіміне бірнеше рет енген. 2008 жылы Empire журналының нұсқасы бойынша «Олдбой» барлық уақыттағы ең үздік 500 фильмнің ішінде 64-ші орынға ие болды. 2020 жылы The Guardian басылымы бұл туындыны заманауи Оңтүстік Корея киносы классикасының арасында үшінші орынға қойды.
2013 жылы режиссер Спайк Ли фильмнің америкалық римейкін түсірді.
Сюжеті 1988 жылы қарапайым отбасы иесі О Дэ Су өз қызының туған күніне бара жатқан жолында белгісіз біреулер тарапынан ұрлап әкетіледі. Ол терезесі жоқ, тек теледидары бар жеке түрмеге қамалады. Теледидар арқылы ол әйелінің өлтірілгенін және бұл қылмысқа өзінің басты күдікті екенін біледі. О Дэ Су қамауда 15 жыл өткізіп, осы уақыт ішінде өзін-өзі шыңдап, кек алуға дайындалады.
Кенеттен, ұрланған күні сияқты, ол еш түсіндірмесіз босатылып, қаланың ортасындағы ғимараттың шатырында есін жинайды. О Дэ Суға белгісіз біреу телефон соғып, оны не үшін қамағанын 5 күннің ішінде тапса, өзі өлетінін, ал таба алмаса — О Дэ Суды өлтіретінін айтып, сынақ тастайды.
Ізденіс үстінде ол Ми До есімді жас аспаз қызбен танысып, оған ғашық болады. О Дэ Су өзін қамаған адамның Ли У Чжин екенін анықтайды. Мектеп кезінде Дэ Су байқаусызда Ли У Чжин мен оның қарындасының арасындағы жақын қарым-қатынасты көріп қойып, бұл туралы өсек таратқан болатын. Соның салдарынан У Чжиннің қарындасы өз-өзіне қол жұмсаған еді.
Алайда, Ли У Чжиннің кек алу жоспары О Дэ Суды тек қамаумен шектелмеген. Ол гипноздың көмегімен О Дэ Су мен оның есейген қызы Ми Доны бір-бірін танымастан кездесіп, ғашық болуға мәжбүрлейді. Шындықты білген О Дэ Су қатты күйзеліске түсіп, Ли У Чжиннен қызына шындықты айтпауын өтініп, өз тілін кесіп тастайды. Соңында Ли У Чжин өз кегінің орындалғанын түсініп, өзіне-өзі қол жұмсайды.
Рөлдерде
Чхве Мин Сик — О Дэ Су. Ю Джи Тхэ — Ли У Чжин. Кан Хе Джон — Ми До. Чи Дэ Хан — Чжу Хван, О Дэ Судың досы. О Даль Су — Пак Чхоль Ун, жеке түрменің иесі. Ким Пён Ок — мистер Хан, Ли У Чжиннің оққағары. Юн Джин Со — Ли Су А, Ли У Чжиннің қарындасы. Ли Сын Син — миссис Юн, гипнозшы әйел. О Тхэ Гён — О Дэ Су (жас кезі). Ю Сон Хо — Ли У Чжин (жас кезі). О Иль Хва — Чжу Хван (жас кезі). О Гван Рок — өзіне-өзі қол жұмсаушы. Ли Дэ Ён — қайыршы.
Саундтрек Сим Хён Джон, Ли Джи Су және Чхве Сын Хён жазған музыкалық композициялардың атаулары негізінен белгілі бір фильмдерге, соның ішінде көптеген нео-нуар туындыларына сілтеме жасайды.
Марапаттар мен номинациялар Марапат Санат Номинант(тар) Нәтиже Азия-Тынық мұхиты кинофестивалі Үздік режиссер Пак Чхан Ук Үздік актер Чхве Мин Сик Остин киносыншыларының қауымдастығы Үздік фильм Олдбой Үздік шетелдік фильм Олдбой Бангкок халықаралық кинофестивалі Үздік фильм Олдбой Үздік режиссер Пак Чхан Ук Бельгия киносыншыларының қауымдастығы Гран-при Олдбой Берген халықаралық кинофестивалі Көрермендер көзайымы сыйлығы Олдбой «Көк айдаһар» кино сыйлығы Үздік режиссер Пак Чхан Ук Үздік актер Чхве Мин Сик Үздік көмекші актриса Кан Хе Джон Британдық тәуелсіз кино сыйлығы Үздік шетелдік тәуелсіз фильм Олдбой Канн кинофестивалі Алтын пальма бұтағы Олдбой Гран-при Олдбой Чикаго киносыншыларының қауымдастығы Үздік шетел тіліндегі фильм Олдбой Critics' Choice Movie Award Үздік шетел тіліндегі фильм Олдбой Director's Cut Awards Үздік режиссер Пак Чхан Ук Үздік актер Чхве Мин Сик Үздік продюсер Ким Дон Джу Еуропалық кино академиясының сыйлығы Үздік еуропалық емес фильм Пак Чхан Ук Golden Trailer Awards Үздік шетелдік экшн-трейлер Олдбой «Үлкен қоңырау» сыйлығы (Grand Bell Awards) Үздік фильм Олдбой Үздік режиссер Пак Чхан Ук Үздік актер Чхве Мин Сик Үздік жаңа актриса Кан Хе Джон Үздік бейімделген сценарий Пак Чхан Ук Үздік операторлық жұмыс Чон Джон Хун Үздік монтаж Ким Сан Бом Үздік қоюшы суретші Рю Сон Хи Үздік жарық Пак Хён Вон Үздік музыка Чо Ён Ук Үздік визуалды эффектілер Ли Джон Хён, Шин Джэ Хо, Джон До Ан Гонконг кино сыйлығы Үздік азиялық фильм Олдбой Корей кино сыйлығы Үздік фильм Олдбой Үздік режиссер Пак Чхан Ук Үздік актер Чхве Мин Сик Үздік актриса Кан Хе Джон Үздік көмекші актриса Юн Джин Со Үздік операторлық жұмыс Чон Джон Хун Үздік монтаж Ким Сан Бом Үздік қоюшы суретші Рю Сон Хи Үздік музыка Чо Ён Ук Үздік дыбыс Олдбой Онлайн киносыншылар қоғамы Үздік шетел тіліндегі фильм Олдбой «Сатурн» Үздік экшн немесе шытырман оқиғалы фильм Олдбой Үздік DVD арнайы басылымы Ultimate Collector's Edition Ситжес кинофестивалі Үздік фильм Олдбой Хосе Луис Гуарнер атындағы сыншылар сыйлығы Олдбой Стокгольм халықаралық кинофестивалі Көрермендер көзайымы сыйлығы Олдбой
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Пак Чхан Ук фильмдері Санат:Корей тіліндегі фильмдер Санат:2003 жылғы Оңтүстік Корея фильмдері Санат:Оңтүстік Корея драма-фильмдері Санат:Оңтүстік Корея триллер-фильмдері Санат:CJ Entertainment фильмдері Санат:Манга экрандаулары Санат:Кек алу туралы фильмдер