Тоқтамыссай – Сырдария алабындағы өзен.
Географиялық орны Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 54 км.
Бастауы Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінен басталып Шортан көліне құяды.
Гидрологиясы Аңғары астау тәрізді. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Соңғы жылдары көлге жетпей құмға сіңіп кететін болды. Өзен бойында, қамыс, тоғай, тікенді бұталар өседі. Егін суарылады. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жаңақорған ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы