«Венаны алғаны үшін» медалі () — Ұлы Отан соғысы кезінде Венаны басып алу құрметіне КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 9 маусымдағы Жарлығымен белгіленген медаль.

Медаль туралы ереже «Венаны алғаны үшін» медалімен 1945 жылғы 16 наурыз—13 сәуір аралығында Венаны шабуылдап алуға тікелей қатысқан Қызыл әскердің, Әскери-теңіз флотының және ІІХК әскерлерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ осы қаланы алу жөніндегі жауынгерлік операцияларды ұйымдастырушылар мен басшылар марапатталады.

«Венаны алғаны үшін» медалі кеуденің сол жағына тағылады және КСРО-ның басқа медалдары болған жағдайда «Кёнигсбергті алғаны үшін» медалінен кейін орналасады.

1995 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Венаны алғаны үшін» медалімен шамамен 277 380 адам марапатталғанШуняков Д. В. Награды удостоены… Статистические данные по награждению советскими орденами и медалями в годы Второй мировой войны. // Военно-исторический журнал. — 2021. — № 5. — Б.48..

Медалдің сипаттамасы «Венаны алғаны үшін» медалі жезден жасалған және диаметрі 32 мм болатын дұрыс дөңгелек пішінді. Медаль жобасының авторы — суретші Зворыкина.

Медалдің алдыңғы бетінде: ортасында «ВЕНАНЫ АЛҒАНЫ ҮШІН» () деген жазу, жоғарғы бөлігінде бесбұрышты жұлдызша, төменгі бөлігінде дәмжапырақтың бұтағы бейнеленген. Алдыңғы беті жиекпен қоршалған.

Медалдің артқы бетінде Венаның алынған күні — «13 сәуір 1945» () деген жазу бар, күннің үстінде бесбұрышты жұлдызша орналасқан.

Медал құлақша мен шығыршық арқылы ені 24 мм көгілдір түсті жібек қатқыл таспамен тысталған бесбұрышты тағанға бекітіледі. Таспаның ортасында ені 8 мм көк жолақ орналасқан.

Суреттеме

Әдебиет

Дереккөздер

Санат:КСРО медалдары