Иеромонах Иаков (зайырлы есімі — Владимир Юрьевич Воронцов; 20 ақпан 1986 жыл, Алматы) — қазақстандық филолог, православие священникі, Орыс православие шіркеуінің бұрынғы қызметкері.

Өмірбаяны Владимир Воронцов 1986 жылғы 20 ақпанда дүниеге келген.

Иаков бала кезімнен Алматыдағы шіркеулерге баратынмын, христиандық жайлы көп білетінмін деген. Жас кезінде Алматыдағы Никольск соборындағы жексенбілік мектепке баратын. Жергілікті священниктердің істерінен көңілі кетіп, діни семинарияда оқу, священник болу ұсыныстарынан бас тартты. Көп ұзамай, алайда, священниктікке барады, жеребе арқылы Иаков есімін алады.

Бір кезде Иаков Шымкент епархиясының клиригі архимандрит Филаретке (Московой) жүгінеді, кішкене уақыт махалласында тұрады. Филарет Иаковқа архимандрит Наумға барсын деді, Наум ол бірнеше талаптарға келмесе де Иаковқа рукоположение жасамақ болды.

Осылайша 1990 жылдары Иаков 7 жыл бойы Жамбыл облысының Меркі ауылында священник болды.

2023 жылғы сәуірде Иаков Ақтөбеде Евангелиені қазақ тілінде оқығаны үшін Интернетте белгілі болды.

2023 жылы Орыс православие шіркеуі оған қызмет етуге тыйым салды. Сол жылғы тамызда ол Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсы пост жасаған болатын. Желтоқсанда ол Орыс православие шіркеуінен тәуелсіз Қазақстан православие шіркеуін құрмақ болды. 21 желтоқсанда Қазақстан Дін істері комитеті бұған ешнәрсе кедергі бола алмайды деді. 27 желтоқсанда оған тамыздағы посты үшін алауыздық қоздырды деген айып тағылды да, қылмыстық іс басталды. Қазақстан психология-филология мамандары постқа зер салды, Иаковтың психикасы сау деді, алайда сот ісі өзгеріссіз тұра берді.

2024 жылғы 15 шілдеде Иаков атағынан айырылды. Сол жылғы 10 желтоқсанда Иаковқа қарсы «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздырды» айыбымен қылмыстық іс жарияланды. Полиция Иаковты Facebook-тағы пост себібінен тергеген еді. Көп ұзамай ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдау жасап, көмек сұрады. 2025 жылғы сәуірде сот ісі «қылмыс құрамының жеткіліксіз болғанынан» толығымен тоқтады.

2025 жылғы шілдеде Иаков Константинополь патриархатының Қазақстандағы өкілдігі құрылсын деді. Тамызда ол Ыстанбұлдағы Константинополь патриархатына Мәскеу патриархтығынан тәуелсіз епархия құру жайлы ресми хатын жібермек болды. Бұған дейін хатқа бірнеше алматылықтар қол қойған болатын.

Ұстанымы Иаков Ресей саясатын, Ресейдің Украинаға басып кіргенін, Орыс православие шіркеуінің басшылығын сынайды. Ол, оған қоса, Қазақстанның ҰҚШҰ мен ЕЭАО ұйымдарынан шыққанын қалады.

Өз өмірі Иаков Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін қазақ тілін толыққанды үйренбек болды, алайда қазақ музыкасын, әндерін үнемі ұнататынын, қазақтілділермен жас кезінен бері достасып жүргенін айтты. Азаттық радиосына сұхбатына ол «Қазақ тілі — Қазақстанның болашағы» деді.

Орыс православие шіркеуінде қызмет етуге тыйымынан бері Иаков жексенбілерін Алматыдағы украин рим-католик шіркеуінде өткізіп жүр.

Иаков — Қазақстандағы шіркеу тарихы жайлы бірнеше кітап авторы.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан діни қайраткерлері Санат:Меркі ауданы тұлғалары Санат:Алматы тұлғалары