Павел Павлович Палев (1931 жылы туған) – техника ғылымының докторы (1984), профессор (1986). Қарағанды политехникалық институтын (1960, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген. 1959–1992 «Гипроуглегормаш» тау-кен машиналарын жасайтын ғылыми-зерттеу жобалау-конструкторлық институтында ғылым қызметкер, лаборатория меңгерушісі болған. 1992 жылдан Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде проффессор қызметін атқарады."Қазақ Энциклопедиясы". Ғылыми еңбектер 1983 ж. «Нагруженность и усталостная долговечность привода исполнительного органа горнопроходческих комбайнов» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

100-ден астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы. Дереккөздер

Санат:Ғылым