thumb|right|800px Ағыбай Құсманұлы Смағұлов (1949 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы) – биология ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996).
Өмірбаяны Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) және аспирантурасын (1975) бітірген. 1978 жылдан осы институтта ассистент, доцент, профессор, қазіргі кезде кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Халықаралық еуразия экономикалық академиясының толық мүшесi (1998), биология ғылымдарының докторы (1994 жылы Санкт-Петербург қаласында қорғаған). Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетi стандарттау, метрология және сертификаттау кафедрасының профессоры.
Ғылыми жұмыстары Көп жылдардан берi ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң көптеген түбiрлi ғылыми-зерттеу бағдарламаларына жетекшiлiк жасап келедi. Ондаған ғылыми-әдiстемелiк оқулықтар мен еңбектердiң авторы. 1975-2004 жылдары iрi қараның еттi тұқымын қалыптастырумен айналысқан, белгiлi «әулиекөл» авторларының бiрi. 1972-1997 жылдары қазақтың ақбас cиыры тұқымын қалыптастырумен айналысқан. 40-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Өзгенiкiне қызыққанша, өзiмiздiкiн дамытайық
Санат:1949 жылы туғандар Санат:Шығыс Қазақстан облысында туғандар Санат:Қазақстан биологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессорлары