Орталық Сулавесидегі жер сілкінісі — 2025 жылғы 17 тамызда Шығыс Индонезия уақыты бойынша 06:38:52-де Индонезияның Орталық Сулавеси провинциясында магнитудасы 5,8 жер сілкінісі тіркелді. Зілзала салдарынан екі адам қаза тауып, кемінде 44 адам жарақат алды.

Геология Сулавеси аралы Австралия, Тынық мұхиты, Филиппин және Зонд литосфералық плиталарының түйісу аймағында орналасқан. Орталық Сулавесидің батыс жағалауындағы ең белсенді тектоникалық құрылым — Палу–Коро жылжу жарылысы.

Жер сілкінісінің сипаттамасы Орталық Сулавесидегі жер сілкінісінің магнитудасы Mw 5,8 болды. Эпицентрі Посо округінің жағалауына жақын орналасқан, округ орталығынан солтүстік-батысқа қарай 12 км жерде, шамамен 8 км тереңдікте тіркелді. Меркалли шкаласы бойынша жер сілкінісінің сезілу күші Посода VI-деңгейге жетті, ал Шығыс Луву, Солтүстік Луву, Маджене, Мамуджу, Палопо, Полевали-Мандаре және Пасангкаю өңірлерінде IV-деңгей, Тана-Тораджа мен Ваджода III-деңгей ретінде тіркелді. Жергілікті уақыт бойынша сағат 8:00-ге қарай негізгі дүмпуден кейін 57 афтершок тіркелді. Афтершоктардың салдарынан биіктігі 4,8 см болатын шағын цунами байқалды.

Залал Жер сілкінісі салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 44 адам әртүрлі деңгейдегі жарақат алды. Қаза болғандардың екеуі де, сондай-ақ жараланған 10 адам да Масани ауылындағы қайта жөнделіп жатқан шіркеудің прихожандары еді. Жер сілкінісі кезіндегі дүмпулер нәтижесінде шіркеу жексенбілік қызмет уақытында опырылып түсті.

Барлығы кемінде 254 тұрғын үй зақымданды, олардың 82-сі ауыр күйде деп танылды. Масани ауылындағы шіркеуден бөлек, тағы 14 қоғамдық нысан зардап шекті: мешіт, 10 мектеп, ауыл әкімдігі және ауылдық медицина пункті.

Дереккөздер

Санат:Индонезиядағы жер сілкіністері Санат:2025 жылғы Индонезиядағы табиғи апаттар Санат:2025 жылғы жер сілкіністері Санат:Табиғат апаттары Санат:2025 жылғы апаттар