OpenAI o3 — генеративті алдын ала оқытылған трансформерлік модель (GPT), OpenAI тарапынан OpenAI o1 үлгісінің ізбасары ретінде әзірленген. Ол қадам-қадам логикалық пайымдауды талап ететін сұрақтарға жауап беру кезінде қосымша «ойлану» уақытына жұмсауға арналған. Толық нұсқасы 2025 жылғы 31 қаңтарда ChatGPT пайдаланушыларына қолжетімді болды.

Тарихы OpenAI o3 моделі 2024 жылғы 20 желтоқсанда таныстырылды; «o3» белгіленуі ұялы байланыс операторы O2-нің тауар таңбасымен қайшылықты болдырмау үшін таңдалды. Модель екі нұсқада ұсынылды: o3 және o3-mini. OpenAI қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы зерттеушілерді 2025 жылғы 10 қаңтарға дейін осы үлгілерге ерте қолжетімділікке өтінім беруге шақырды. 2025 жылғы 31 қаңтарда OpenAI o3-mini нұсқасын ChatGPT-дің барлық пайдаланушыларына (тегін тарифті қоса) және API пайдаланушыларына шығарды. Сонымен бірге қуаттырақ модель — o3-mini-high жарияланды.

Мүмкіндіктері o3 моделін оқыту барысында жауапты бірден шығармай, алдымен ойлану кезеңін жүзеге асыратын күшейте оқыту әдісі қолданылған. Бұл процесс OpenAI тарапынан «жеке пайымдау тізбегі» деп аталады. Аталған тәсіл модельге жауап бермес бұрын алдын ала жоспарлауға, тапсырманы бірізді түрде өңдеуге және мәселені шешу үшін аралық логикалық қадамдар жасауға мүмкіндік береді. Осындай кезең-кезеңмен пайымдау қосымша есептеу ресурстарын қажет етеді және жауап генерациялау уақытын арттырады.

o3 моделі күрделі тапсырмаларды орындауда, соның ішінде бағдарламалау, математика және ғылымдар саласында, o1 моделіне қарағанда едәуір жоғары нәтижелер көрсетеді. OpenAI мәліметінше, o3 ашық қолжетімді емес, сарапшылық деңгейдегі ғылыми сұрақтарды қамтитын GPQA Diamond тестінде 87,7 % нәтиже жинады.

Бағдарламалық инженерияға арналған SWE-bench Verified бенчмаркі (GitHub-тағы нақты қателерді түзету қабілетін тексеретін тест) бойынша o3 71,7 % нәтижеге қол жеткізді, ал o1 48,9 % көрсетті. Codeforces платформасындағы Эло рейтингінде o3 2727 ұпай жинап, o1 моделінің көрсеткіші болған 1891 ұпайдан айтарлықтай жоғары нәтиже көрсетті.

Жалпы жасанды интеллектке (AGI) арналған Abstraction and Reasoning Corpus (ARC-AGI) бенчмаркі бойынша, жаңа әрі күрделі логикалық тапсырмаларды шешу қабілетін бағалауда o3 моделі o1-ге қарағанда шамамен үш есе жоғары дәлдік көрсетті.

Дереккөздер

Санат:2024 жылы жасалған бағдарламалық жасақтама Санат:2025 жылы жасалған бағдарламалық жасақтама Санат:Үлкен тілдік модельдер Санат:ChatGPT