Тоқтықара кесенесі – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ХІХ ғасырдың сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері Қазалы ауданы, Мұратбаев ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде, каналдың сол жағалауында орналасқан.
Сипаты Кесене тікбұрышты қам кесектерден тұрғызылған, жоспарындағы аумақтық өлшемдері – 8,92х8,59 м, сақталған биіктігі – 4,84 м, қабырғасының қалыңдығы – 1,1 м. Ескерткіш бір бөлмелі, орталықтанған типтегі кесенелердің бір түріне жатады. Шаршы пішінді болып келген жерлеу камерасының негізгі аумағы цилиндрлі күмбез асты барабанына қондырылған күмбезбен (қазіргі уақытта қираған) көмкерілген. Кіреберіс ойығы оңтүстік-батыс қабырғаның ортасында орналасқан. Ескерткіштің тартымды ерекшелігі – оның бүйірлік қасбеттерінің аркалық қуысты кең жауырыншалар түрінде болуы. Камераның шаршы пішінді негізінен күмбезге өту жергілікті құрылыстарға тән дәстүрде – камераның бұрыштарындағы қаландыдан шығарылған парустар арқылы іске асырылған. Қабір үсті ескерткішінің қалдығы, сірә, күмбездің құлап түскен үйіндісінің астында жатса керек. Ескерткішті 1986 жылы "Қазжобақалпынакелтіру" институтының экспедициясы зерттеген.Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5
Дереккөздер
Санат:Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қызылорда облысы сәулеті Санат:Қазақстан кесенелері