Каспийдегі қазақ шапқыншылықтары — 1773–1775 жылдардағы Шаруалар соғысы кезінде Кіші жүз қазақтарының Ресей империясының Каспий теңізіндегі теңіз жасақтарына жасаған бірқатар шабуылдары.

Барысы Орынбор шебі бойында көшіп-қонып жүрген қазақ рулары тек Жайық, Еділ өңірлері мен шекара бекіністері маңында ғана емес, сонымен қатар Каспий теңізінің жағалауларына дейін жетіп, теңіз жасақтарына шабуылдар жасаған.

Сорочиков бекінісінен барлауға жіберілген казак Закладнов Гурьев маңында Табын және Беріш руларының қазақтары көпес Ершовтың, Бай-қолтық және Тасты атты балық жасақтарын талқандағанын анықтаған. 300 адамнан құралған жасақтардың бірін Шойтас батыр басқарған.

Дереккөздер

Санат:Каспий теңізіндегі шайқастар Санат:Кіші жүз шайқастары Санат:XVIII ғасырдағы соғыстар Санат:1775 жылғы соғыстар