Халықаралық атомдық уақыт (, TAI) – атомдар мен молекулалардағы электромагниттік толқындардың таралу қасиеттеріне негізделген уақыт өлшеу стандарты.
1967 жылы өткізілген Өлшемдер мен салмақтар жөніндегі жалпы конференцияда цезий-133 элементінің 9 192 631 770 рет сәулелену периоды 1 секундқа тең деп шешілген болатын.
Мұндай тәсілмен өлшенген уақыттың тәулік ішінде, тіпті ғасыр ішінде ауытқулары болмайды. Алайда 1970-шы жылдары келесідей кемшілігі анықталды: Жердің түрлі аймақтарында орналасқан атом сағаттары гравитацияның әсерінен сәл болса да, түрліше уақыт көрсетеді.
Осы себеппен халықаралық атомдық уақытты 450-ге жуық атом сағатының көрсеткіштерін орташа мәнге келтіру арқылы белгілеген дұрыс деп шешілді.
Азаматтық қолданысқа ыңғайлы дүниежүзілік үйлестірілген уақыт (UTC) халықаралық атомдық уақыттың негізінде өлшенеді. Бірақ айырмашылығы бірнеше секундты құрайды. 2017 жылғы есептеу бойынша, TAI стандарты UTC стандартынан 37 секунд алда келеді. Дереккөздер
Санат:Уақыт