Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес – ең жоғарғы консультативті орган.

Тарих Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2023 жылғы 25 қазандағы №115 Жарлығымен құрылды. Кеңес Қазақстанда ғылымның заманауи моделін қалыптастырудағы алғашқы қадамдардың бірі ретінде құрылды. Негізгі міндет — елдегі ғылымды дамытудың басымдықтарын айқындау, сондай-ақ Мемлекет басшысының ғылыми қоғамдастықпен тікелей байланыс арнасын қалыптастыру.

2023 жылғы 12 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаевтың төр­ағалығымен Пре­зи­дент жанындағы Ғы­лым және техно­ло­гиялар жөніндегі ­Ұлт­тық кеңестің алғаш­қы отырысы өтті. Cоңғы бес жылда ғылымға жұмсалған шығындар 60 пайызға өссе де, ғылымның ЖІӨ-дегі үлесі 0,13 пайызға дейін төмендеген. Қаржының басым бөлігі іргелі және қолданбалы зерттеулерге бағытталып, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бар болғаны 18 пайыз ғана бөлінген. Бұл, Президенттің пікірінше, отандық ғылымды технологиялық прогрестің негізгі қозғаушы күшіне айналдыруға мүмкіндік бермей отыр.

Президент кешенді шараларды ұсынды. Ол «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылдауды, салықтық жеңілдіктер мен «супервычет» түріндегі инвестициялық преференциялар енгізуді, мемлекеттік ғылыми-зерттеу институттары мен университеттерге мемлекеттік сатып алу рәсімдерінсіз жұмыс істеу мүмкіндігін беруді ұсынды. Ғалымдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту да басты назарда. Президент ғылыми дәрежесі бар қызметкерлердің жалақысына қосымша төлемді 1,5 есеге арттыруды ұсынды.

2024 жылғы 18 сәуір күні Кеңестің екінші отырысы өтті.

2025 жылғы 26 қыркүйек күні Ақордада ұлттық кеңестің отырысы өтті.

Кеңес мүшелері Кеңестің алғашқы құрамына Нобель сыйлығының лауреаты, Беркли космологиялық физика орталығының физика және астрофизика профессоры Джордж Фицджеральд Смут III (АҚШ), сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында зерттеу қызметімен айналысатын отандастарымыз кірді.

профессор Мұрат Сапарбаев 2001 жылдан бастап молекулалық биология және генетика кафедрасында жұмыс істейді, Франциядағы Густав Рози институтының ДНҚ репарациясы тобының жетекшісі.

Дереккөздер

Санат:Мемлекеттік саясат