Футзалдан Еуропа чемпионаты 2026 — УЕФА ұйымдастыратын футзалдан құрлықтық турнир. Турнирдің финалдық кезеңін Латвия, Литва және Словения қабылдайды. Финалдық ойындар 2026 жылғы 21 қаңтар мен 7 ақпан аралығында өтеді.
Бұл чемпионат финалдық кезеңде 16 құрама қатысатын екінші жарыс болмақ. Бұған дейін финалдық кезеңге 12 команда қатысатын. Сонымен қатар 2022 жылдан бастап турнир екі жылда бір рет емес, төрт жылда бір рет өткізіледі. Жаңа форматтағы алғашқы футзал Еуросын 2022 жылы Нидерланд қабылдады.
Турирге іріктеу форматы Іріктеу кезеңі үш сатыдан тұрды:
Алдын ала раунд (мини-турнирлер, 2024 жылғы сәуір). Негізгі раунд (топтық кезең, үйде және сырт алаңда, 2024 жылғы желтоқсан – 2025 жылғы сәуір). Өтпелі ойындар (үйде және сырт алаңда, 2025 жылғы қыркүйек).
Финалдық кезеңге барлығы 16 құрама өтті:
автоматты жолдама алған қожайындар — Латвия, Литва және кейіннен қосылған Словения; негізгі раундтың он тобының жеңімпаздары; плей-офф арқылы өткен 3 құрама.
Күнтізбе Алдын ала раундтың жеребесі: 2024 жылғы 25 қаңтар, 14:00 CET Алдын ала раунд: 8–17 сәуір 2024 жыл Негізгі раундтың жеребесі: 30 мамыр 2024 жыл Негізгі раунд: 9–18 желтоқсан 2024 жыл 27 қаңтар – 5 ақпан 2025 жыл 3–12 наурыз 2025 жыл 7–16 сәуір 2025 жыл
Өтпелі матчтардың жеребесі: 2025 жылғы 3 шілде, 12:00 CET Өтпелі матчтар: 18/19 және 23/24 қыркүйек 2025 жыл Финалдық кезеңнің жеребесі: 24 қазан 2025 жыл Финалдық кезең: 21 қаңтар – 7 ақпан 2026 жыл
Алдын ала раунд Алдын ала раунд 8–17 сәуір 2024 аралығында өтті. 12 команда үш топқа бөлінді. Әр топтың алғашқы екі орны иелері негізгі раундқа шықты.
A тобы: Кипр, Андорра, Эстония, Солтүстік Ирландия B тобы: Израиль, Болгария, Австрия, Сан-Марино C тобы: Швейцария, Мальта, Гибралтар, Шотландия
Өткендер: Австрия, Андорра, Болгария, Кипр, Мальта, Швейцария.
Негізгі раунд Негізгі раунд 9 желтоқсан 2024 – 18 сәуір 2025 аралығында өтті. 40 команда 10 топқа бөлінді. Әр топтың жеңімпаздары финалға тікелей жолдама алды, ал сегіз үздік екінші орын иелері плей-оффқа шықты.
1-топ № Құрама О Ж Т Жж Салынған Жіберілген Айырма Ұпай1 Украина6600375 +32182 Румыния63031811 +793 Германия63031123−1294 Кипр6006734−270
2-топ № Құрама О Ж Т Жж Салынған Жіберілген Айырма Ұпай1 Беларусь6510194 +15162 Италия6411259 +16133 Финляндия62041612 +464 Мальта6006237−350
3-топ № Құрама О Ж Т Жж Салынған Жіберілген Айырма Ұпай1 Польша6501224 +18152 Словакия64022319 +4123 Молдова63031716 +194 Түркия60061134−230
4-топ № Құрама О Ж Т Жж Салынған Жіберілген Айырма Ұпай1 Словения65102612 +14162 Венгрия63122114 +7103 Норвегия62041118−764 Черногория61051226−143
5-топ № Құрама О Ж Т Жж Салынған Жіберілген Айырма Ұпай1 Хорватия6600297 +22182 Грекия62131116−572 Швеция62131621−574 Әзірбайжан60241325−122
6-топ № Құрама О Ж Т Жж Салынған Жіберілген Айырма Ұпай1 Армения65102411 +13162 Қазақстан63122116 +5103 Дания62041823−564 Албания61051023−133
7-топ № Құрама О Ж Т Жж Салынған Жіберілген Айырма Ұпай1 Португалия6600319 +22182 Нидерланд62221917 +283 Андорра61321120−964 Солтүстік Македония6015318−151
8-топ № Құрама О Ж Т Жж Салынған Жіберілген Айырма Ұпай1 Испания6600373 +34182 Босния және Герцеговина64023213 +19123 Англия61141228−1644 Швейцария6015643−371
9-топ № Құрама О Ж Т Жж Салынған Жіберілген Айырма Ұпай1 Чехия6510239 +14162 Бельгия64022112 +9123 Сербия62132219 +374 Австрия6006733−260
10-топ № Құрама О Ж Т Жж Салынған Жіберілген Айырма Ұпай1 Франция6510419 +32162 Грузия64112212 +10133 Косово62041625−964 Болгария6006740−330 Финалға шыққан командалар: Армения, Беларусь, Испания, Польша, Португалия, Словения, Украина, Франция, Хорватия, Чехия.
Өтпелі ойындар (18/19 және 23/24 қыркүйек 2025) Сегіз команда төрт жұпқа бөлінді. Үйде және сырт алаңда ойнап, соңғы төрт жолдама иегері анықталды.
Финалдық кезеңге қатысушы елдер Турнирдің іріктеу кезеңіне 44 ұлттық құрама қатысты. Іріктеуден өткен 16 команда 4 топқа бөлініп финалдық кезеңде ойнайды. A тобыB тобыC тобыD тобы Латвия (алаң иесі) Хорватия Франция Грузия Армения Чехия Литва (алаң иесі) Украина Бельгия Беларусь Испания Словения (алаң иесі) Венгрия Италия Польша Португалия (чемпион)
Дереккөздер
UEFA ресми сайты
Санат:2026 жылғы спорт Санат:Футзалдан Еуропа чемпионаттары