Досмұхаммед Тілеуліұлы Досқожаев (1948 жылы туған, Жамбыл облысы, Тараз қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1995), профессор (1997). <

Дулат тайпасының Жаныс руынан.

Мәскеу технологиялық институтын (1971), аспирантураны (1977) бітірген. 1983 жылға дейін Жамбыл технологиялық институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, 1983–94 ж. осы институттың Алматы бөлімшесінде декан қызметтерін атқарған. 1995–96 ж. Республикалық жеңіл өнеркәсіп ғылыми-техникалық инженерлік орталығының бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1996–2001 ж. Қазақ мемлекеттік басқару академиясында бөлім бастығы, проректор, стратегиялық даму орталығының бастығы болды. 2001 жылдан Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің ректоры.

64 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 5 монография, 8 авторлық куәліктің иесі.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том

Дереккөздер

Санат:1948 жылы туғандар Санат:Таразда туғандар Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Мәскеу технологиялық институты түлектері Санат:Тараз мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Жаңа экономикалық университетінің профессорлары Санат:Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті ректорлары