Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия — әйелдер істері, отбасылық және демографиялық саясат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға жәрдемдесу мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган.

Комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығымен құрылған. Оның қызметін реттейтін ереже мен дербес құрамы мемлекет басшысының жарлықтарымен бекітіледі.

Комиссияның негізгі мақсаты – Қазақстандағы гендерлік теңдік саясатын, отбасы институтын нығайтуға, демографиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуына жәрдемдесу.

Тарихы және құқықтық негізі Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығымен алғаш рет бекітілді.

2008 жылғы 15 мамырдағы № 593 Жарлықпен атауына және бірқатар баптарына өзгерістер енгізілді.

Кейінгі түзетулер 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 971, 2019 жылғы 1 маусымдағы № 57, 2022 жылғы 17 мамырдағы № 894, 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 437, сондай-ақ 2025 жылғы 26 мамырдағы № 893 Президент Жарлықтарымен жасалды.

2025 жылғы 26 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 893 Жарлығымен Комиссия қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді.

Жаңа редакцияға сәйкес:

Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарларынан, хатшыдан және мүшелерден тұрады; Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

Комиссия мемлекеттік органдардың өкілдерін, қоғам қайраткерлерін, ғылыми және сарапшылық қауым өкілдерін, азаматтық қоғам институттарының басшыларын қамтиды.

Міндеттері

2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында мемлекеттік саясат бойынша ұсыныстар тұжырымдау; мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; әйелдер жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуалды талдау және ұсыныстар беру; экономикалық салада әйелдер мен ерлер мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз ету, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту; отбасы институтын нығайту және ұрпақты болу денсаулығын сақтау жөніндегі шараларды қолдау; тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес; ғылыми зерттеулер жүргізу және ақпараттық базаны қалыптастыру; БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау; заңнамалық және бағдарламалық бастамаларға қатысу; гендерлік-құқықтық сараптама жүргізу; халықаралық ынтымақтастық орнату.

Өкілеттіктері

мемлекеттік органдар басшыларын тыңдай алады; құжаттар мен ақпаратты сұратуға құқылы; заң бұзушылық фактілері бойынша тексерулер жүргізуді талап ете алады; Президент пен Үкімет актілеріне ұсыныстар енгізеді; сарапшылар мен ғылыми мекемелерді тарта алады; өңірлік комиссиялардың қызметін үйлестіреді; әйелдердің кандидатураларын басшылық лауазымдарға жылжытуға жәрдемдеседі.

Жұмысын ұйымдастыру

Комиссия төрағадан, төраға орынбасарларынан, хатшыдан және мүшелерден тұрады. Оның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. Отырыстар тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Шешімдер көпшілік дауыспен қабылданады. Комиссия жұмысына басшылықты төраға жүзеге асырады, ал ол болмаған жағдайда орынбасарларының бірі атқарады.

Құрамы (2025 жыл) 2025 жылғы 26 мамырдағы № 893 Президент Жарлығына сәйкес Комиссияның құрамы мынадай тұлғаларды қамтиды:

Балаева Аида Ғалымқызы — Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға. Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, саясаттанушы, PhD, төрағаның орынбасары (келісім бойынша). Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы — «Парламентаризм институты» РМК директорының орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша). Тарасенко Елена Ивановна — қоғам қайраткері, төрағаның орынбасары (келісім бойынша). Омарова Айман Мұратқызы — адвокат, құқық қорғаушы, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, төрағаның орынбасары (келісім бойынша). Нұрахметова Гаухар Сердалықызы — гендерлік және отбасылық саясат саласындағы сарапшы, хатшы (келісім бойынша). Әбдірахманова Алина Бауыржанқызы — «Қазақ-Америка университеті» ЖШС директоры (келісім бойынша). Әдиева Альфия Дәулетқалиқызы — «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бас директоры (келісім бойынша). Байдашева Жанна Аманқызы — «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі» қауымдастығы өкілдігінің директоры (келісім бойынша). Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы — «Дағдарыс Орталықтар Одағы» ЗТБ басқарма төрағасы (келісім бойынша). Гребенникова Галина Александровна — «Жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі Қазақстандық қауымдастық (КМПА)» ҚБ атқарушы директоры, жоғары санатты дәрігер (келісім бойынша). Гурина Марианна Юрьевна — «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша). Дәулетбаева Жұлдыз Жетпісбайқызы — әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры (келісім бойынша). Жанғазинова Назым Жәнібекқызы — медиакоммуникациялар саласындағы сарапшы, «NazymPR» ЖШС директоры (келісім бойынша). Жандосова Баян Айтбекқызы — «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» ҚБ филиалы – «Шымкент қалалық әйелдер кеңесі» ҚБ төрағасы (келісім бойынша). Зұлхайыров Ренат Вазирұлы — ҚР Ішкі істер министрлігі Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментінің бастығы (келісім бойынша). Имашева Снежанна Валерьевна — ҚР Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша). Каримова Эльмира Рашитовна — «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС кадр мәселелері жөніндегі басқарушы директоры (келісім бойынша). Каринова Шолпан Таңатқызы — «AMANAT» партиясының хатшысы, партия әйелдер қанатының төрағасы (келісім бойынша). Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы — ҚР Президенті Іс басқармасы «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» РМК директоры (келісім бойынша). Қалтаева Ләззат Молдабекқызы — ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы (келісім бойынша). Қанай Гүлмира Әмірханқызы — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы – ректоры (келісім бойынша). Қарабасова Лаура Шапайқызы — Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің басқарма төрағасы – ректоры (келісім бойынша). Қожалы Тоғжан Бақытжанқызы — қоғам қайраткері, «HAQ» қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы (келісім бойынша). Ли Елена Эдуардовна — «Dolce» ЖШС құрылтайшысы (келісім бойынша). Миронюк Татьяна Александровна — «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастық нысанындағы ЗТБ атқарушы директоры (келісім бойынша). Сәрсенбаева Әйгерім Арыстанбекқызы — Жамбыл облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі (келісім бойынша). Семидоцких Елена Александровна — кәсіпкер, «Русская община Северо-Казахстанской области» ҚБ төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі уәкіл (келісім бойынша). Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша). Тасбергенова Гаухар Қошқарбекқызы — «Рухани Қазына» қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша). Хангелдина Сұңқар Қосманапқызы — жоғары санатты дәрігер, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, MBA магистрі, блогер (келісім бойынша). Хасенов Муслим Ханатұлы — «M.S. Narikbaev atyndagy KAZGUU Universiteti» АҚ қауымдастырылған профессоры, халықаралық құқықтық сарапшы (келісім бойынша). Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы — Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша). Шөжеева Әзиза Тимурқызы — кәсіпкер, «Techno Woman» КЕҰ басқармасының төрағасы (келісім бойынша).

Дереккөздер

Санат:Қазақстан президенті жанындағы кеңесші органдар