Төлебаев Қазбек Ағабілұлы (23 Cәуір 1959 жылы туған, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті) – медицина ғылымының докторы (1999), профессор, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі.
Қысқаша өмірбаяны:
1982 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясы) бітірген. 1982–1985 жылдары Қызылорда облысы ауруханасында дәрігер және медициналық колледжде бөлім меңгерушісі. 1985–1994 жылдары Өлкелік кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер. 1994–1998 жылдары Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемесінде бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары. 1998–1999 жылдары Салауатты өмір салтын қалыптастыру Ұлттық орталығында бас директордың орынбасары. 2002–2005 жылдары 1-орынбасары болды. 2005 жылдан осы орталықтың бас директоры қызметін атқарады.
«Научное обоснование реформирования и развития первичной медико-санитарной помощи в Казахстане в условиях перехода к рынку» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер: