right|200px Өзбекстан Республикасының мемлекеттік марапаттары () — Өзбекстан азаматтарын мадақтаудың ең жоғарғы түрі. Мемлекеттік марапаттарға Өзбекстан Республикасының атақтары, ордендері мен медалдары, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Мақтау қағазы жатады.
Жалпы ережелері Мемлекеттiк марапаттар Өзбекстан Республикасының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттiк марапаттар туралы» № 176-I Заңымен белгiленедi. Өзбекстан Республикасы Президентi белгiлеген мемлекеттiк сыйлықтар, мерейтойлық және төсбелгiлерi мемлекеттiк марапаттар болып табылмайды.
Өзбекстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен Өзбекстанның, басқа мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар (оның ішінде қайтыс болғаннан кейін) марапатталуы мүмкін. Әрбір мемлекеттік марапат кез келген адамға бір рет қана беріледі (дәрежелері бар мемлекеттік марапаттарды қоспағанда).
Кейбір жағдайларда Өзбекстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi, мемлекеттiк және шаруашылық жүргiзу органдары, әскери бөлiмдер, мемлекеттiк емес коммерциялық емес ұйымдар, шығармашылық ұжымдар және өзге де заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар мемлекеттiк марапаттармен марапатталуы мүмкiн.
Мемлекеттік марапаттармен марапаттауды Президент, ал Президентті марапаттауды — Ұлы Мәжіліс палаталары жүзеге асырады.
Мемлекеттік марапаттарға ұсыну үшін мыналар өтініш бере алады: Ұлы Мәжіліс заң шығару палатасының спикері; Ұлы Мәжіліс Сенатының төрағасы Өзбекстан премьер-министрі; төрағалар: Жоғарғы Кеңес; Конституциялық сот; Жоғарғы сот; Жоғарғы сот кеңесі; Орталық банк; Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі; Есеп палатасы; Орталық сайлау комиссиясы; Өзбекстан Республикасының Бас прокуроры; облыстардың және Ташкент қаласының хәкімдері; мемлекеттiк және шаруашылық басқару органдарының, басқа да республикалық мекемелердiң, олардың республикалық органдары өкiлдiк ететiн мемлекеттiк емес коммерциялық емес ұйымдардың басшылары.
Шетел азаматтарын марапаттауға үміткерлер Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша беріледі.
Мемлекеттік марапаттардан айыру мынадай жағдайларда мүмкін: соттың ұсынуы бойынша — адамды ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін соттылығы; марапаттау туралы ұсыныс енгiзуге уәкiлеттi органның немесе ұйымның ұсынуы бойынша — адам өзінің ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн құқық бұзушылық жасауы.
Бұл ретте мемлекеттік марапаттар мен оларға арналған құжаттар Өзбекстан Республикасы Президенті қарамағындағы Мемлекеттік марапаттар және геральдика жөніндегі комиссияға қайтарылуға жатады.
Мемлекеттік марапаттар Суреті Марапат Құрылған уақыты Марапаттау себептері 100px «Ўзбекистон Қахрамони» атағы(Өзбекстан батыры)«Олтин Юлдуз» медалі(Алтын Жұлдыз) 5 мамыр 1994 Ерекше ерлік көрсетумен байланысты мемлекет пен халық алдындағы қызметі үшін Өзбекстан азаматтарына және ерекше жағдайларда шетел азаматтарына жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі беріледі. «Өзбекстан батыры» атағын беру кезінде «Алтын Жұлдыз» медалі беріледіӨзбекстан Республикасының 1994 жылғы 5 мамырдағы № 1038-ХІІ «Узбекистон Кахрамони» атағын белгілеу және жоғарғы ерекшелік белгісі – «Олтин Юлдуз» медалін белгілеу туралы Заңы..
Ордендері Суреті Марапат Құрылған уақыты Марапаттау себептері 100px «Мұстақыллық» ордені(Тәуелсіздік) 5 мамыр 1994 Өзбекстан азаматтарына, ал ерекше жағдайларда шетел азаматтарына тәуелсіз құқықтық мемлекет құру мен нығайтуға, республикадағы бейбітшілік пен өрлеуін қамтамасыз етуге қосқан ерекше үлесі үшін марапатталады.Өзбекстан Республикасының 1994 жылғы 5 мамырдағы № 1040-ХІІ «Мұстақыллық» орденін белгілеу туралы Заңы.. 100px Әмір Темір ордені 26 сәуір 1996 Өзбекстан азаматтарына, ал ерекше жағдайларда шетел азаматтарына мемлекеттілікті нығайтудағы ерекше қызметі, сәулет, ғылым, әдебиет пен өнерді, соның ішінде әскери өнерді дамытуға қосқан елеулі үлесі, мемлекетаралық ынтымақтастықты, бейбітшілік пен халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін беріледіӨзбекстан Республикасының 1996 жылғы 26 сәуірдегі № 225-І «Әмір Темір орденін белгілеу туралы» Заңы.. 100px Жалаладдин Мәңгіберді ордені 30 тамыз 2000 Елдің тәуелсіздігін, Отан шекарасын, туған жерін көздің қарашығындай сақтауда жоғары әскери шеберліктің, қаһармандық пен ерліктің үлгілерін көрсеткен, мемлекеттің қорғаныс қуатын нығайтуға зор үлес қосқан қолбасшылық құрамның әскери қызметкерлері марапатталады.Өзбекстан Республикасының 2000 жылғы 30 тамыздағы «Жалаладдин Мәңгіберді» орденін белгілеу туралы» № 110-II Заңы. 200px «Олий Даражали Дўстлик» ордені(Жоғары дәрежелі Достық) 11 наурыз 2020 Марапат Өзбекстан азаматтары мен шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғаларға, шет мемлекеттер мен үкімет басшыларына, шет мемлекеттер парламенттерінің өкілдеріне, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және басқа да оларға теңестірілген ұйымдардың басшылары мен өкілдеріне, ғылым, білім, тәрбие, денсаулық сақтау, руханият, мәдениет және спорт салаларында өзін көрнекті қайраткерлер ретінде танытқан белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, сондай-ақ гуманизм рухындағы игі істерімен танымал болған меценаттар, жан-жақты тиімді серіктестік қатынастарын дамытуға, Өзбекстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы өзара құрмет пен сенімді нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін танымал бизнес-қауымдастық өкілдеріне беріледі. «Олий Даражали Дўстлик» ордені Өзбекстан Республикасының шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға берілетін ең жоғары мемлекеттік марапат болып табылады.. 100px «Буюк хизматлари учун» ордені(Көрнекті қызметтері үшін) 29 тамыз 1996 Ғылым мен техниканы, экономика мен мәдениетті дамытудағы үлкен жетістіктері, мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуға және Өзбекстанның халықаралық беделін арттыруға бағытталған ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі үшін Өзбекстан азаматтары мен шетел азаматтары марапатталадыӨзбекстан Республикасының 1996 жылғы 29 тамыздағы № 254-І «Буюк хизматлари учун» орденін белгілеу туралы Заңы.. 100px «Эл-юрт хурмати» ордені(Ел-жұрт құрметі) 28 тамыз 1998 Ел тәуелсіздігін нығайтуға, оның экономикалық қуатын арттыруға, ұлттық руханият пен мәдениеттің өсуіне қосқан зор үлесі үшін еңбегімен, ғылыми, қоғамдық қызметімен, еңбексүйгіштігімен және отансүйгіштігімен жұртшылықтың құрметі менен беделіне ие болған Өзбекстан азаматтары мен шетел азаматтары марапатталады.Өзбекстан Республикасының 1998 жылғы 28 тамыздағы № 664-І «Эл-юрт ҳурмати» орденін белгілеу туралы Заңы. 100px «Фидокорона хизматлари учун» ордені(Риясыз қызметі үшін) 29 тамыз 2003 Елдің экономикалық және мәдени дамуына, оның қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға, қоғамдағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтауға зор үлес қосқан, жанқиярлық үлгісін көрсеткен, талантын, тәжірибесін және білімін Отан игілігіне қызмет етуге арнаған Өзбекстанның азаматтық және әскери қызметкерлері менен шетел азаматтары марапатталадыӨзбекстан Республикасының 2003 жылғы 29 тамыздағы № 526-II «Фидокорона хизматлари учун» орденін белгілеу туралы Заңы. 100px «Мехнат шухрати» ордені(Еңбек даңқы) 30 тамыз 1995 Өзбекстан азаматтары, ал ерекше жағдайларда шетел азаматтары экономика мен мәдениетті дамытуға, халықтың әл-ауқатының өсуіне, мемлекетте бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ықпал еткен көрнекті еңбек жетістіктері үшін марапатталадыӨзбекстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы № 115-І «Мехнат шухрати» орденін белгілеу туралы Заңы. 200px «Фахрий мураббий» ордені(Құрметті тәлімгер) 9 маусым 2020 Жастарды Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық рухында тәрбиелеуге, оларды жат идеялардан қорғауға, дұрыс жолдан адасып кеткендерді қайтаруға, жас ұрпақтың бойында белсенді азаматтық ұстаным мен идеялық иммунитетті, бастамашылдықты, аянбастық пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, сондай-ақ өзінің кемел білімімен және мол өмірлік тәжірибесімен барлығына үлгі көрсете отырып көмекке мұқтаж және қиын жағдайға тап болған жастар мен отбасыларды жан-жақты қолдау, олардың жұмыспен қамтылуын және кәсіпкерлікке оқытуды қамтамасыз ету, бұл үшін қолайлы жағдайлар жасауда лайықты үлес қосқан Өзбекстан азаматтарына беріледі.. 100px «Соглом авлод учун» ордені(Салауатты ұрпақ үшін) 4 наурыз 1993 Ана мен баланы қорғаудағы, дені сау ұрпақты дамыту үшін жақсы материалдық жағдай мен өнегелі ахуалды қамтамасыз етудегі ерекше еңбегі үшін Өзбекстан азаматтары марапатталады. Орден екі дәрежеден тұрадыӨзбекстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 4 наурыздағы № ПП-575 «Өзбекстан Республикасының «Соглом авлод учун» («Салауатты ұрпақ үшін») орденін тағайындау туралы» Жарлығы. 100px «Шон-Шараф» ордені(Абырой мен даңқ) 4 наурыз 1993 Өзбекстан азаматтары және ерекше жағдайларда шетел азаматтары Отанды қорғауда көрсеткен жанқиярлығы мен батылдығы, қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздікті нығайтудағы, қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін арттырудағы және Өзбекстанда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі зор сіңірген еңбегі үшін марапатталады. Орден екі дәрежеден тұрадыӨзбекстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы № 116-І «Шон-шараф» орденін белгілеу туралы Заңы. 100px «Дустлик» ордені(Достық) 5 мамыр 1994 Өзбекстанда тұратын барлық ұлттар мен халықтар өкілдері арасындағы достықты, өзара түсіністік пен келісімді нығайтудағы, Өзбекстан халқының басқа елдер халықтарымен достығы мен жан-жақты ынтымақтастығын дамытудағы зор жетістіктері үшін Өзбекстан азаматтары мен шетел азаматтары марапатталадыӨзбекстан Республикасының 1994 жылғы 5 мамырдағы № 1042-ХІІ «Дустлик» орденін белгілеу туралы Заңы. 200px «I дәрежелі Саломатлик» ордені(Салауаттылық) 5 мамыр 2020 Өзбекстан азаматтарына, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға елдегі денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, халықтың денсаулығын жақсартуға және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген ерекше еңбегі үшін беріледі. 200px «II дәрежелі Саломатлик» ордені(Салауаттылық) 5 мамыр 2020 Өзбекстан азаматтарына, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға елдегі денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, халықтың денсаулығын жақсартуға және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген ерекше еңбегі үшін беріледі. 100px «Мардлик» ордені(Батылдық) 11 қыркүйек 2012 Өзбекстан азаматтық тұлғалары менен әскери қызметкерлері және ерекше жағдайларда, шетел азаматтары ерлік пен батырлық көрсете отырып, Отанды қорғауға және Отанға қызмет еткені үшін марапатталады.Өзбекстан Республикасының 2012 жылғы 11 қыркүйектегі No ЗРУ-332 «Мардлик» орденін белгілеу туралы» Заңы.
Медалдары