Цахур тілі (Tsaxur language) — иберий – кавказ тілдер отбасының нах-дағыстан тармағының лезгин ішкі тобына жатады. Тілдердің жалғамалы (агглютинативті) түріне жатады (флективтілік белгілері бар), номинативті және эргативті құрылыстардың белгілерін біріктіретін тіл. Дағыстан Республикасының мемлекеттік тілі (Дағыстан Конституциясы 1994; 1998).
Референтті халық Референтті халық: цахурлар; өз атауы – цыхбы.
Географиялық таралуы Дағыстанның Рутул ауданында (13 ауыл) және Солтүстік Әзербайжанда (Закатала және Ках аудандары) таралған.
Диалектісі Цахур тілінің 3 диалектісі бар: цахур (бірнеше үстеулері бар), гельмецкий және сапунчи.
Жазуы Тарихи ескерткіштер бойынша цахур тілінің жазуы XIII ғасырда араб графикасының негізінде пайда болды. Алайда бұл дәстүр үзілді. Цахурлардың өз жазуы жоқ, олар орыс және әзірбайжан тілдерінің жазуын кеңінен қолданды. Қазіргі уақытта цахур әліпбиі орыс (кириллица) графикалық негізінде жасалды және цахур тілін оқыту пәні ретінде енгізуге талпыныс жасалуда.
Ресейде қолданылатын цахур әліпбиі: А аАӀ аӀБ бВ вГ гГӀ гӀГъ гъГь гьД дДж джЕ еЁ ёЖ жЗ зИ иЙ йК кКӀ кӀКъ къКь кьЛ лМ мН нО оОӀ оӀП пПӀ пӀР рС сТ тТӀ тӀУ уУӀ уӀФ фХ хХъ хъХь хьЦ цЦӀ цӀЧ чЧӀ чӀШ шЩ щЪ ъЫ ыЫӀ ыӀЭ эЬ ьЮ юЯ я
Әзірбайжанда қолданылатын цахур әліпбиі: (2010 жылғы нұсқасы)
A aӘ әB bC cÇ çÇ' ç'D dE eF fG gG' g'Gh ghĞ ğH hX xXh xhI ıI' ı'İ iJ jK kK' k'Q qQ' q'L lM mN nO oÖ öP pP' p'R rS sŞ şT tT' t'Ts tsTs' ts'U uÜ üV vY yZ z'
Дереккөздер
Санат:Ресей тілдері Санат:Дағыстан тілдері