Ли Чжэ Мён (; 8 желтоқсан 1963 жыл, Андон) — оңтүстік кореялық саясаткер және заңгер, 2025 жылғы 4 маусымнан бергі Оңтүстік Корея президенті. Бұрын Ли 2010–2018 жылдары Соннам мэрі, 2018–2021 жылдары Кёнгидо губернаторы, 2022–2025 жылдары Ұлттық жиналыс депутаты және Демократиялық партияның төрағасы лауазымдарына ие еді.

Ли Андонда, кедей отбасыда дүниеге келген. Бастауыш сыныптан кейін ол зауытта жұмыс істеді, бірақ жазатайым оқиға нәтижесінде мүгедек қалды. Орта мен жоғары білім алып, 1986 жылы ол Чунан университетінде заңгер атанды. Адам құқығы мен еңбек заңгері ретінде ол Соннамда жаңа аурухана ашпақ болды.

2005 жылы Ли саясатпен айналысатын болды, бірнеше сайлауда сәтсіз болды. 2010 жылы ол Соннам мэрі болып сайланды да, 2014 жылы қайта сайланды. 2017 жылы Ли Демократиялық партия атынан президенттікке үміткер болғысы келді, алайда Мун Чжэ Инге жеңілді. Кёнгидо провинциясының губернаторы болмақ болған ол 2018 жылы мэрліктен кетті де, сайлауда жеңіп, губернаторлығын 2021 жылға дейін жалғастырды. 2022 жылы ол партия атынан президенттікке үміткер атанды, алайда Халық күші (ХКП) партиясының мүшесі Юн Сок Ёльге жеңілді.

2024 жылғы қаңтарда Ли қастандықтан аман қалды. Қараша айында ол 2022 жылғы науқаны кезінде Соннам Даму Корпорациясының бұрынғы басшысы Ким Мун Кимен байланысын өтірік жоққа шығарғаны үшін «Мемлекеттік сайлау туралы» заңға сәйкес сотталды. 2024 жылғы әскери жағдай дағдарысы кезінде Ли Ұлттық жиналыс ғимаратына дуалдан секіріп өткені және соны онлайн түсіргені үшін дүние жүзінде белгілі болды. Ли кейін президент Юнның импичментін ұйымдастырғандар бірі болды. Конституциялық сот Юнды лауазымынан айырды да, 2025 жылы Ли ел президенті болып сайланды.

Ерте жылдары Жеті баланың бесіншісі болған Ли Чжэ Мён Андонда дүниеге келген. Оның туған күні шамамен 1963 жылғы 8 желтоқсанда болған делінеді (Кәріс күнтізбесіндегі 10-айдың 22, не 23-күні), алайда Лидің туу куәлігін әкесі кеш тіркеді де, оның құжаттағы туған күні 1964 жылғы 22 желтоқсан болды.

Ли кедей ортада тәрбиеленді, отбасының қаржылық жағдайы себебінен мектептегі түрлі іс-шараға қатыса алмады. Сүйікті хоббиі деп жас Ли достармен өзен маңында балық аулауды атады.

Бірінші сыныпта жасалған дерек Лиді қыңыр, бағасы орташа бала деген. Лидің сыныптастарымен жайлы араласқаны, сөйлескені айтылған. Осы жылдары орта мен жоғары сыныптарды мемлекет қаржыламайтын және Лидің әкесі құмар ойынна біраз ақша жоғалтқан болатын. Ли бастауыш сыныбын бітірді де, жұмыс іздеген отбасы Андоннан көшіп кетті.

Жұмысшы бала нобай|солға|135px|Ли, 1976 жыл

Ли отбасы Соннам қаласына көшті. Жоспарлы қала болған Соннамды президент Пак Чон Хи Сеулдан индустрияны көшірту мақсатымен қалаған болатын. Соннамда бұл жылдары көбіне жұмыс іздеген кедей халық тұратын.

Кедей отбасылардың басқа балаларындай Ли орта мектепке барудың орнына қолөнер зауытында жұмыс істеген. Алқа зауыты банкрот атанды да, Dongma Rubber резеңке зауытында орналасты. Ержетпеген болғасын Ли түрлі лақап атпен жүрді. Осы жұмысы кезінде ол саусағына жарақат алды.

Бір жарақат алған Ли Dongma Rubber зауытынан Daeyang Industry зауытына көшті. Ол жердегі баспақ Лидің білегін қысып алды да, Ли екінші рет жарақаттанды. Жарақат емделмей қалды да, қолы мүгедек қалды. Кейін Ли әскери қызметтен босатылды да, мүгедек адам ретінде ресми түрде тіркелді.

Daeyoung Industry-дегі жұмысы кезінде Ли мектеп формасын киген балаларды көріп, орта мен жоғары мектепке бармақ болды. Арнайы курс көмегімен Ли орта мектеп емтиханына дайындалып, 1978 жылы оны сәтті тапсырды. 1981 жылы ол жоғарғы сынып емтиханын тапсырып, диплом алды.

Құқық қорғаудағы мансабы Емтихандардағы бағасы көмегімен Ли Чунан университетінен шақырту қағазын алды. Ол шәкіртақы алып, университеттің Заң колледжіне бармақ болды. 1986 жылы Ли колледждегі оқуын бітіріп, біліктілік емтиханын тапсырып, екі жылға Жоғарғы соттың Заңи зерттеу мен дағды институтына кірді. Ли президент Чон Ду Хванның авторитар билігіне қарсы еді. Бастапқыда бедел мен ақша іздеген Ли судья, не прокурор болғысы келді, алайда Но Му Хён дәрісінен кейін ол Но мен Мун Чжэ Индей адам құқығы заңгері болуға жігерленді. Ол жұмысын Соннамда бастады.

Жеке заңгер кеңсесін ашып, Ли Минбюн (Minbyun, 민변) прогрессив заңгерлер ұйымымен жұмыс істейтін болды. Осы арқылы ол Инчхон мен Кванджудағы еңбек орталықтар басшыларымен әріптес болды. 1995 жылы ол Соннам Азаматтары Қауымдастығын құрды. Жергілікті биліктің жемқорлығына қарсы күрескені үшін Ли белгілі адвокат атанды.

2000 жылдардың басында Соннамда екі аурухана жабылды да, Ли жаңа қалалық аурухана бастаумен айналысып кетті. Сол кезде Азат Корея партиясының билігінде болған қалалық кеңес азаматтар ұсынысынан 47 секундта бас тартты. Ли тобы наразылық білдірді де, Лиге қарсы іздеу жарияланды. Қоғамды әлеуметтік қозғалыс арқылы өзгерте алмаймын деген ол саясатпен айналыспақ болды.

Ерте саяси мансабы 2005 жылғы 23 тамызда Ли биліктегі Уридан партиясының мүшесі атанды да, Соннам мэрлігіне үміткерлігін ұсынды. Бұл партия қазіргі Демократиялық партияның ізашары еді. Ақыр-аяғында Но Му Хён әкімшілігі мен Уридан партиясының төмен беделі себебінен 2006 жылғы сайлауда Ли жеңілді.

2008 жылғы парламент сайлауында Ли Пундангу округінен Оңтүстік Корея депутаты болып сайланбақ болды. Ол бұл жолы қайта жеңілді.

Сайлаудан кейін Демократиялық партия басшысы Чон Се Гюн сұранысы бойынша Ли партия баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды.

Соннам мэрі (2010–2018) нобай|оңға|Ли, 2018 жыл

Демократиялық партия мүшесі ретінде Ли барысында өзін Соннам мэрлігіне ұсынды. Жалпы дауыстың 51.16% жинаған ол жеңіске жетті.

Соннамның 19-мэрі ретінде ол ізашарының сәнді кеңсесінен қарапайым кеңсеге көшкен. Бұрынғы кеңсе осылайша кафеге айналды.

Қаланың қарызына біраз мән берген, Twitter мен Facebook-те белсенді болған мэр ретінде ол 2014 жылы жалпы дауыстың 55.1% көмегімен қайта сайлана алды.

Соннам мэрі ретінде Ли, оған қоса, Моран базарындағы ит етіне тыйым салғаны үшін белгілі. Ит сою нысандары жылдар бойы мораль, жануар құқығы мен экология тұрғысынан даулы еді.

Ол қала мэрі ретіндегі мерзімін аяқтаған кезде, сауалнама оның 287 жалпы уәдесінің 270-ін орындағанын көрсетті, соның ішінде Соннам медициналық орталығының құрылысы мен кеңеюі, жастарға арналған дивиденд саясаты мен еркін студент формасы бағдарламасы. Жалпы алғанда, ол уәдесінің 94,1% орындады.

Ли енгізген бірнеше саясат, мысалы, жастар дивидендтері кейін оның ұлттық саясаттағы басты бағдарламасына айналды.

Кёнгидо губернаторы (2018–2021) нобай|оңға|190px|Ли, 2020 жыл

Президенттікке үміткерлігі сәтсіз болды да, Ли өзін Кёнгидо губернаторлығына ұсынды. Провинцияға Сеул ұлттық астаналық өңірі және 13 миллионан астам халық бағынатын. 2018 жылғы губернаторлық сайлау кезінде актриса Ким Бусон Лимен 2007 жылдан 2009 жылға дейін некеден тыс қарым-қатынаста болғанмын деген. Демократиялық праймеризде сәтті болып, Ли губернаторлық сайлауда жалпы дауыстың шамамен 56% жинады. Ли осылайша провинцияның 20 жылдағы тұңғыш демократиялық губернаторы атанды.

Лидің COVID-19 пандемиясына губернатор ретінде реакциясы жоғары бағаланды. 2021 жылғы 25 қазанда ол президенттік кампаниясына көбірек мән беру мақсатымен губернаторлықтан кетті.

Ұлттық жиналыс (2022–2025) Бәсекедеге өте жақын нәтижеге қарамастан Лидің президенттікке үміткерлігі сәтсіз болды. 2022 жылғы 7 мамырда Ли Ұлттық жиналыстағы Кэян Б (Инчхон) округінің депутаттығына өзін ұсынатынын жариялады. 1 маусымда ол жеңіске жетіп, ұлттық депутат атанды. Көп ұзамай, 28 тамызда ол Демократиялық партияның төрағасы болып сайланды.

Қастандық 2024 жылғы 2 қаңтардағы Кадокто, Пусандағы жаңа әуежай құрылысына сапардан кейінгі баспасөз мәслихаты кезінде біреу Ли мойнының сол жағына пышақ салды. Ли есінен айырылмады, алайда қанай берді де, шамамен 20 минутта ауруханаға жеткізілді. «Ли Чжэ Мёнмын» деген тәж киген қылмыскер Лиден қолтаңбасын сұрап, оған бас салды. Қылмыскер бірден қамауға түсті. Кейін табылған ақпарат бойынша ол — 1957 жылы туған Ким Джинсон есімді азамат.

Өлімге әкеле алады делінбесе де, жарақат мойындырық көктамырында болды, Лиге жасалған ота күткеннен ұзақ уақыт алды. Қамауда болған қылмыскер Пусан полициясына Лиді өлтірмек болдым деді.

2024 жылғы әскери жағдай дағдарысы thumb|thumbtime=14:53|upright|Лидің Ұлттық жиналыс ғимаратына дуалдан секіріп өтіп кіргені

2024 жылы президент Юн Сок Ёль әскери жағдай жариялап, Ұлттық ассамблея әрекеттеріне жол бермек болды. Ли оған қарамастан Ассамблея ғимаратына бара берді де, осы үшін халықаралық назарға ие болды. Ли өзінің YouTube арнасында тікелей эфир бастап, ол жерде әскерден айналып өту үшін Ұлттық ассамблея ғимаратының дуалынан мінгенін көрсетті. Ол халықты Ассамблея ғимаратының алдына жиналып, «...наразылығын жалғастыра беруге» шақырды. Демократиялық партия оған, Хан Дон Хун мен У Вон Сикке қамауға алу тобы жіберілді деп мәлімдеді. Ұлттық барлау қызметі директорының орынбасары Хон Джан Уон сот ісі барысында бұл ақпаратты растады, президент Юн «[оппозицияшыларды] жоқ қылу үшін сол сәтті қолданды» деді.

Ли бастапқыда Президенттің жолдауы — дипфейк деп ойлағанын айтты. Кейін Ли «сатқындық жасаған» президент Юнның импичментін ұйымдастырғандар бірі болды. Ұлттық жиналыс ғимаратының алдында наразылық көрсеткен Ли Юнның «бүгін болсын, ертең болсын, не үш айда болсын импичменттелетінін» айтқан. Ұлттық жиналыс Юнға ақыр-аяғында 14 желтоқсан күні импичмент жасады.

Президенттік кампаниялары 2017 жылғы президент сайлануы 2016 жылдың соңына қарай Чхве Сун Силь–Пак Кын Хе жанжалы орын алды. Нәтижесінде болған наразылық шаралары кезінде Ли өзінің «Президент Панк енді біздің президент емес» деген сияқты мықты сөзі үшін белгілі болды. 2017 жылғы Демократиялық партия праймеризі сауалнамаларында ол Мун Чжэ Иннен кейінгі екінші ең танымал үміткер болды. Ли Демократиялық партия прогрессив қанатының өкілі делінген.

Наразылық шаралары танымалдығын жоғалта бастады да, президент Пактың ізбасары Хван Гёан болды, нәтижесінде Лидің танымалдығы да азайып кетті. Ақыр аяғында Ли праймеризде үшінші орынға ие болды; екінші орын Ан Хиджонға, бірінші орын Мун Чжэ Инге берілді.

2022 жылғы президент сайлануы 2021 жылғы шілдеде Ли 2022 жылғы президент сайлауындағы үміткерлігін жариялады. Ол Кореяның бүкіл азаматына жағдай жасау, елдің дүние жүзіндегі беделін көтеру мәселелеріне тоқталды: «Біз түрлену заманындамыз. Президент ретінде менің тұңғыш әрекеттерім Кореяның жаһандық жылынуға, жаһандық пандемияға және технология революцияға қарсы күресі болатын еді» деді.

2021 жылғы 10 қазанда Ли Демократиялық партияның ресми үміткері атанды.

Жалпы сайлауда Ли Халық күші партиясының өкілі Юн Сок Ёльге қарсы жеңілді. Екі үміткердің дауыстары 47.8% бен 48.6% болды.

2025 жылғы президент сайлануы 2025 жылғы 9 сәуірде, президент Юн импичментіне 4 күн болғанда Ли Демократиялық партия төрағалығынан кетті. 10 сәуірде ол өзінің үшінші үміткерлігін жариялады. 27 сәуірде ол Демократиялық партия праймеризінде жеңді де, партияның ресми үміткері атанды.

Лидің сайлауалды уәделерінің бірі — президенттерге екі төртжылдық мерзім қызмет етуге мүмкіндік беретін Конституцияға өзгертулер енгізу болды. 2025 жылғы 3 маусымда Ли жалпы дауыстың 49.42% жинап, жеңіске жетті.

Президенттігі (2025–) нобай|оңға|Ли, 2025 жыл

Ли 2025 жылғы 4 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де ант берді. Ант беру рәсімі, оның ішінде Ли халыққа инаугурациялық сөз, Ұлттық жиналыстың Ротунда залында өтті.

Саяси ұстанымы Ішкі саясат Ли түрлі дереккөзде «прогрессив», «прагматист» делінеді.

Экономика тұрғысынан Ли шартсыз базалық табыс орнауын қолдайды.

Бірнеше дереккөз, соның ішінде The New York Times Лиді «феминизмге қарсы адам» деп сипаттаған. Прогрессив саясаткер Сим Сан Чжон Лиді ашық «антифеминист» деген.

2022 жылы Ли ЛГБТ-ға қарсы дискриминацияны заңсыздайтын заң жобасын қолдайтынын, алайда әскердегі «содомияға қарсы» заңды жоймайтынын айтты. Алайда кейін Ли халық пікіріне қарамастан да дискриминацияға қарсы заңды да қолдамайтынын айтты.

Сыртқы саясат